spot_img
Жексенбі, Желтоқсан 29, 2024
-15.8 C
Kokshetau

Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі қазіргі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

Сондай-ақ...оқыңыз

Primeminister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның даму қорытындысы туралы жарияланымдар сериясын жалғастыруда. 2024 жыл – білім беру жүйесін дамытудағы маңызды кезең. Мектепке дейінгі деңгейден бастап техникалық және кәсіптік деңгейге дейінгі барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттар іске асыру сатысында.

Бүгінгі таңда 11,6 мың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 1 млн-ға жуық бала тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел өңірлерінде 75,5 мың орындық 627 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1% мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы пилоттық режимде Қазақстанның төрт қаласы – Тараз, Шымкент, Түркістан, Орал қалаларында ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді. Болашақта оны бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда.

Биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі – халықаралық олимпиаданың әрбір екінші қатысушысы елімізден жүлделі орындармен оралды. IChO химия бойынша ең беделді халықаралық олимпиадада және «First Global Challenge» робототехника бойынша әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің өкілдерін басып озып, екі Олимпиадада үш дүркін әлем чемпионы атанды. Еліміздің құрама қоржыны барлығы 563 медальмен толықтырылды, оның ішінде 77 алтын, 201 күміс және 285 қола. Үздік 7 беделді олимпиадада жүлделі орындарға ие болған 26 қазақстандық оқушы ақшалай сыйлықтармен марапатталды: алтын медаль игеріне – 1500 АЕК, күміс медаль игеріне – 1000 АЕК және қола медаль игеріне – 500 АЕК берілді.

Осы жылдың шілде айында Қазақстанда биология бойынша ең беделді IBO-2024 Халықаралық олимпиадасын өткізу тағы бір маңызды оқиғалардың бірі. Оған 81 елден 305 жас биолог және 275 ғалым қатысты. Еліміздің құрамасы қазақстандық білім берудің жоғары халықаралық имиджін тағы да растап, 100% медальдық есепті көрсетті.

Колледж студенттерін қолдау мақсатында стипендиялық төлемдердің мөлшері екі есеге ұлғайды: 2023 ж. – 50%, 2024 ж. – 50%, 300 мыңнан астам студент қамтылды. Жатақханаға мұқтаж студенттердің 87%-дан астамы жатақханаларда орындармен қамтамасыз етілген. Биыл 1,2 мың орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.

Ел тарихында тұңғыш рет ұлттық құрама Францияның Лион қаласында өткен 47-ші WorldSkills халықаралық чемпионатында 6 үздік медальон мен «Ұлттың үздігі» номинациясын жеңіп алып, едәуір нәтижеге қол жеткізді.

Колледждерде кадрлар даярлау өңірлік экономиканы ескере отырып жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 195 колледжді бейіндеу және үлкейту жұмыстары басталды.

Колледждерде 160 стартап-жоба іске қосылды, 104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Кәсіби стандарттардың, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді.

Президент балалардың шығармашылық пен қолөнердің қыр-сырын меңгеруі үшін балалар үйірмелерінің жұмысын қалпына келтіру міндетін қойды. Биылғы жылы балаларды қосымша біліммен қамту 86,3%-ға дейін өсті – бұл 3,3 млн бала, ал қосымша білім беру ұйымдарының желісі 1625-тен 1713-ке дейін артты. Жалпы, қосымша білім беру үш бағытта жүзеге асырылады: мектептен тыс ұйымдар, мектеп үйірмелері мен спорт секциялары. Елімізде барлығы 1625 мектептен тыс ұйым бар және әртүрлі бағыттағы 380 үйірме түрі ұсынылады.

Сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдарының құрылысы да қарқынды жүруде. Биылдың өзінде 8 қосымша білім беру орталығы, 3 балалар сауықтыру орталығы (лагерьлер), ауылдық мектептерде 779 комъюнити-орталықтар ашылды, 190 қосымша білім беру ұйымы жаңартылды.

Балалардың сауықтыру демалысын, жұмыспен қамтылуын және бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру 2024 жылдың жазында басты мәселелердің біріне айналды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қоянды ауылында «Қоянды-Южная» қосалқы станциясында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Целиноград ауданы Қоянды ауылындағы «Қоянды Южная" қосалқы станциясында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қоянды, Аққайың, Шұбар, Софиевка, Ақжар және Опан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img