spot_img
Жұма, Желтоқсан 27, 2024
-10.7 C
Kokshetau

Белсенділік танытқан жастар марпатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, өңірлік жұмысшы жастар арасында «Алға, жастар!» атты форумын өткізді.

Іс-шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Кенжебаев Сабырхан Мейірханұлы, облыс жастары мен еріктілері, өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында 210 599 жас азамат тұрады. Бұл облыс халқының жалпы санының шамамен 27 % құрайды. Оның ішінде ауыл жастары – 91 912 адам болса, қалалық – 118 687 адамды құрайды. Аталған жастармен бос уақытты тиімді пайдалану және жастар саясатын дамыту мақсатында арнайы жастар ұйымдары түрлі бағытта жұмыс жасайды.

Көкшетау қаласы бойынша 35-тен астам жастар және еріктілер ұйымдары, ал жалпы облыс бойынша 130-дан астам ұйымдар бар.

Осыған орай, аталмыш форум аясында жыл бойы белсенділік танытқан, ерекше көзге түскен, қоғамға және өңірдегі жастар саясатын дамуына үлес қосқан жас азаматтар (белсенді жастар, волонтерлер) ескеріліп, марапатталды.

Шара басында өңірлік Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабырхан Кенжебаев, жастарға өзінің ізгі тілегі мен жыл бойы жастар саясаты мен қоса, қоғамға қосқан елеулі еңбектері үшін алғысын білдірді. Ары қарай сөз тізгіні Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы – Дастан Ермековке беріліп, облыстық жастар-ресурстық орталығының жылдық жұмысы жайлы баяндамасын оқыды.

«Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жеке жобаларды іске асырады, атап айтқанда: елді индустриялық-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыру, экономиканың түрлі салаларында инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу мақсатында  жыл сайын «Aqmola Power» инновациялық жобалар байқауын, бизнес саласындағы жастардың идеяларын іске асыру үшін консультациялар, сондай-ақ NEET санатындағы жастарға арналған жыл сайын «Bastau Talks» қоғамдық дәрісін өткізіп, оған бизнес-спикерлер, облыстың жас кәсіпкерлері және ЖОО студенттері мен біздің өңір жастары қатысады. Әр жыл  сайын студенттер арасында «Жастар фестивалі-2024» атты облыстық ауқымды шарасы өткізіліп отырады. Аталған шара 4 номинация бойынша бөлініп, студенттердің таланттарын жан-жақты бағытта дамытуына әсерін тигізеді. Жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңгені құрады. Волонтерлік орталықтарын, жастар бірлестіктерін тарту және біріктіру, волонтерлік және жастар ұйымдарының қызметтерін дамытуға, нығайтуға және қолдауға, табысты ерікті практикаларды позициялауға, облыста жұмыстың жаңа нысандарын дамытуға, жастар көшбасшылары мен үздіктерін анықтауға бағытталған көп компонентті диалог алаңын өткізу мақсатында «Еліміздің болашағы – жастардың қолында» екі күндік облыстық жастарды оқыту лагерін өткіздік. Сонымен қатар, облыстық ЖРО көңілді жастар алаңы ойындарын қолдап, ұйымдастырып отырады. Аталған ойынға еліміздің өзге қалаларынанда жас ойыншылар қатысты.

Биылғы жылы, жыл сайынғы «Aqmola Power» инновациялық жобалар байқауының жүлдегерілеріне 1 500 000 теңге бөлінсе, облыстық «Ақмола жастар кубогы-2024» көңілді жастар алаңы ойынынан жүлделі орындарына 700 000 теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар, облыстық «Әкім кубогы-2024» көңілді жастар кубогына 2 300 000 тенге қаражат бөлінді.

Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына орай, Біржан сал ауданында және Көкшетау қаласында «Үш би» облыстық пікір-сайыс турнирлері өткізілді. Біржан сал ауданында өткен турнирге 150 мың теңге жүлде қорына бөлінсе, ал «Үш би» турниріне жүлде қорына 330 мың теңге қаражат қарасытрылды. Сонымен қатар, облысымыздағы жастар ресурстық орталығының СММ-менеджеріне арнап екі күндік оқыту курстары, психолог мамандарына арналған семинарлар және  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана» жастар театрының негізін қалаушысы, кино және театр актері – Әділ Ералыұлы Ахметов, театр/кино актёрі, режиссёр, мәдениет саласының үздігі – Сарсен Сүндет Жетекұлының қатысуымен актерлік және шешендік өнер курсы өткізілді.

Жастарды рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарға баулу бағытына арнап, отбасы күніне орай «Family life» атты облыстық байқау ұйымдастырылды. Байқауға Көкшетау қаласының орталық Науан Хазірет мешіті демеушілік етіп, жеңімпаздарға көкөніс пен жеміс-жидек себбеттері таратылып, ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Жалпы а.ж. қаңтар айынан бастап облыстық жастар-ресурстық орталығы 30 мыңға жуық адамды қамтыған 130-дан аса шара өткізілді. Ал облыс бойынша 300 мыңға жуық адам қамтылған 2500-ден аса іс-шара өткізілді.

Облыста, жалпы республика деңгейінмен салыстырғанда еріктілер қозғалысы қарқынды дамуда. Қазіргі таңда облыста 89 волонтерлік ұйым тіркелген, 3 600-дан астам волонтер белсенді жұмыс жасауда.

Биыл қазақстандықтарды аса толғандырған көктемдегі ерекше өзекті мәселелердің бірі – су тасқыны қаупі. Су тасқыны – бұл қардың еруі, жауын-шашынның мол болуы. Сонымен қатар өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басуы.

Аталмыш табиғи апат еліміздің түкпір-түкпірінде жұртты дүрліктірді. Оның ішінде Ақмола облысы да тыс қалған жоқ.

Ағымдағы жылдың наурыз айының 28-нен бастау алған апат, Көкшетау қаласының өзен жырақтарының көтерілуіне және қардың еруіне байланысты су тасып, қаламыздың жеке үй секторлары мен тұрғын үй кешенінің аулаларын су алды. Қаламыздағы су тасқынына қарсы іс-шараларға 150-ге жуық еріктілердің қатысуымен көмек көрсетілді. Еріктілер су астында қалған адамдарды сыртқа шығару, төтенше жағдай болып жатқан жердегі ТЖД қызметкерлеріне, басқа жұмысшыларға ыстық шәй мен тамақ ұйымдастыру және аулалардан арық жасап су шығару, қаптарға құм салып су тасқынына жол шектеу сияқты жұмыстармен айналысты.

Осылайша, жастар ресурстық орталықтары мемлекеттік жастар саясаты саласында бірқатар іс-шаралар өткізеді, сонымен қатар, ЖРО жастарды қоғамдық процеске тарту, ынталандыру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау бойынша жұмыстың тиімді әдістерін үнемі іздеуде» – дейді өз сөзінде өңірлік ЖРО басшысы Дастан Амангелдіұлы.

Сонымен қатар, форум қатысушылары алдағы жылға жоспарға енгізу үшін өздерінің ұсыныстарын білдіре отыра, қандай сала я болмаса қандай бағыт болмасын біріге жұмыс жасауға өтініштерін айтты.

Шара соңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі – Аида Балаеваның,   ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі – Евгений Кочетовтың атынан және Ақмола облысының әкімі – Марат Ахметжановтың атынан бірнеше жастар мен волонтер ұйымдарының мүшелері, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. – Сабрыхан Кенжебаевтың атынан дипломдар және алғыс хаттарымен «Jas volonter – 2024» номинациясының жүлдегері –  Дінмұхамет Талғатов, «Jyl volonteri – 2024» номинациясының жүлдегері – Кенжегүл Смаилова, «Uzdik volonterlik top – 2024» номинациясының жеңімпазы – «МЕЙІРІМ» ВО, «Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» деген номинациямен Ерейментау ауданының жастар ресуртсық орталығының қызметкері – Абсаматова Жансулу Амангельдиновна марапатталды. Соңында жылдық ЖРО ретингісінің қорытындысы бойынша алдыңғы қатарда жүрген Есіл ауданының жастар ресурстық орталығы марапатқа ие болды. Алғыс хаттар мен дипломдардан бөлек, бағалы және естелік сыйлықтар да табысталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы Президенттік шырша: мерекелік іс-шараға 200 бала қатысты

Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ұйымдастырылған Жаңа жылдық іс-шаралар өтті. Көкшетауда облыстың басты шыршасы «Bolashaq sarayi» балалар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img