spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
16.2 C
Kokshetau

2024 жылы ҚР-да су үнемдеу технологияларының көмегімен қанша гектар суарылғаны белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

ДЕРЕККӨЗ : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/904763?lang=kk

Биыл 470 мың гектарға жуық егіс алқабы су үнемдейтін технологияларды қолдана отырып суарылды. Бұдан бөлек, 58 мың гектарға жуық жер лазерлік жоспарлаушы арқылы тегістелді. Бұл іс-шаралар суармалы су шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

Еске салсақ, Су ресурстары және ирригация министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің жол картасын» әзірлеген болатын. Жоспарда 39 іс-шара қарастырылған.

Министрлік су үнемдеу саясатын одан әрі іске асыру және шаруаларды су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру мақсатында су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әр өңірге су үнемдеу жүйелері орнатылған егіс алқаптарын ұлғайту бойынша нақты индикаторлар белгілеп, кезеңдік жоспар әзірледі. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай жылына 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге ниетті», – деді ҚР СРИМ Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Серпін» өңірлік жобалық офисінің отырысы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың төрағалығымен кезекті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img