spot_img
Жұма, Қараша 29, 2024
-15.8 C
Kokshetau

ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция аншлагпен аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының баспасөз хатшысы – Нурлыбек Конуспаев.

Ақмола облысында 1 желтоқсанда аталып өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орайластырылған іс-шаралар аяқталуда. Ақпараттық науқанның шарықтау шегі 2024 жылдың 28 қарашасында «Көкшетау» мәдениет сарайында 600-ден астам оқушыны, колледждер мен ЖОО студенттерін жинаған жыл сайынғы жастар акциясы болды. 600 адамнан тұратын залдың максималды сыйымдылығымен бос орындар, былайша айтқанда аяқ басатын жер болмады.

Бұл күні іс – шараға қатысушылардың барлығы дерлік кеудесіне қызыл лента тағып жүрді – бұл ЖИТС-пен күрестің басты белгісі болып табылады. Жастар негізгі бағдарлама басталғанға дейін де, акцияға белсенді қатысқаны қуантады: біреулер жүрек жарығында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға тілектер мен қолдау сөздерін қалдырса, басқалары ақпараттық бүктемелерді оқып, бір-бірінің АИТВ-инфекциясы туралы білімдерін тексерді.

Сарай фойесінде барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден өтіп, олар өз мәртебесін біле алды. Бұл мүмкіндікті 30-дан астам адам пайдаланды.
Іс-шараның негізгі бөлігінде шығармашылық қойылымдар мен АИТВ туралы ақпараттық блокты қамтитын концерттік бағдарлама болды. Акцияны орталық бас дәрігерінің орынбасары- Светлана Ермолаева ашты. Ол жастарға қызығушылықтары үшін алғысын білдіріп, АИТВ-инфекциясы туралы стереотиптермен күресудің маңыздылығын атап өтті және оларға жағымды эмоциялар мен жаңа білім алуды тіледі.

Сондай-ақ, шарада «KOKSHE» телеарнасының редакторы- Эдуард Погребицкий, Көкшетау мәдени орталығының жетекшісі- Алия Курманова, Бурабай ауданының АИТВ-инфекциясы бойынша жауапты дәрігері- Умут Ибраева, «Панацея» жастар денсаулық орталығының психологы- АИТВ-инфекциясының алдын алуға қосқан үлесі үшін- Улпан Аманбаева, «Энергия сердец» үгіт-насихат бригадасы және оның шығармашылық жетекшісі- Вера Визнер алғыс хаттармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Ақмола облысында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік өтуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда дәстүрлі патриоттық ән байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында "Тілім-тірегім, Елім-жүрегім!" атты дәстүрлі патриоттық әндер байқауы өтті. Аталмыш байқауға 16-30 жас аралығындағы дарынды жас орындаушылар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img