spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-15.8 C
Kokshetau

Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ:

«Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!»
* * *
Бүгін (26 қараша 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Бурабай ауданы халқымен кездесуі аса бір ықыласты жағдайда өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен биылғы жылғы 15 қарашасында өткізілген Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында “ Ақмола облысын үлгі ретінде айтуға болады. Бұл аймақ елорданың «азық-түлік белдеуі» деген атқа лайық екенін дәлелдеді. Биыл облыстың ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімі екі есе өскен. Бұл – өте жақсы нәтиже»,- деп бөле-жара атап көрсетуі бүгінгі көңіл күйдің ырғағына да жайлы әсер етіп, ертеңгі міндеттердің жүгін да салмақтандыра түскені бар.
————–
Алда тұрған міндеттерді саралай келіп облыс әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ «Елімізді дамытудың және өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!»,-деген бір ауыз осы сөзімен-ақ еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартудың ауқымды шаралары күтіп тұрғандығын аңғартып еді.
Бурабай ауданы жалпақ жұрттың назарындағы аймақ! «Бурабай» деген атымен-ақ былайғы жұртты елең еткізері бар.
«Жері сұлудың елі де сұлу» деген тәмсілге иек сүйесек, Бурабай атты ауданның бүгінгі дамуында да өзіне тән сұлулық бар! Ол сұлулықты елдің көркеюінен байқап алауға да болар еді!
Бурабай халқының алдында есеп берген облыс әкімі Марат Ахметжанов сөзінің басында алдағы жылы Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысы осы Бурабай жерінде өтетіндігін алға тартты.
-Президентімізі біздің елімізге үлкен сенім мен құрмет көрсетіп отыр,-деген Марат Ахметжанов жалпы біздің қоғамда ең әуелі тәртіп пен заңдылық берік орнығуы қажет деді. -Тәртіп бар жерде табыс болады. Тәртіп болмай, заңдылық сақталмаса, ол анархияға апарып соғады. Біз бүгінгі күні еліміздің, өзіміздің болашағымызға сеніммен қараймыз. Өйткені Адал да, Әділ Қазақстан қоғамын құруда көп жақсылықтар болып жатқандығын біз өзіміздің күнбе-күнгі өмірімізден анық сезіне түсудеміз!
Буарабай ауданы қазір облыстың өнеркәсіп өндірісінің 13 пайызын иемденіп отыр. Және де аудан қазір бюжет жағынан өзін өзі толық қамтамасыз ете бастады. «Бұл жақсы», деді Марат Ахметжанов, «алайда осы 13 пайыздан алтын өндірісінің үлесін алып тастасақ, үлес 2 пайыз болып қана қалады екен. Бұл өнеркәсіп саласының түрлі өзге де саласын дамытуға күш жұмсауды талап етеді».
Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы саласында да ілгерілеушілік бар. Биылдың өзінде осы сала бойынша 78 жоба жүзеге асырылды. Аудан бойынша биылғы күзде егістіктің әр гектарынан орташа есеппен 17 центнерден астық жиналды.
Кездесуде облыс әкімі Марат Ахметжанов ауданның ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлеріне ризашылығын білдіріп, биыл ауыл еңбеккерлеріне бұрын-соңды болмаған қолдау мен көмек болғандығын, құрмет көрсетілгендігін айтты.
-Алайда әлі де болса, Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы саласының барлық мүмкіндіктері толық іске қосылды деп айта алмаймыз. Астананың тоғыз жолының торабында жатқан ауданның өз өнімдерін өңдеп, Астананың рыногына шығарудың зор мүмкіндіктері толық пайдалынылмай келеді -,-деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.
Басқаруды, іскерлікті жетілдіру керек! Бұл әкімнің сөзі!
Қазіргі уақытта керек пе, керек емес пе мал семірту алаңдарын сала беру үрдісі байқалп отыр. Жұмыс істеп тұрған мал семірту алаңдарының көбі жартылай бос тұрады.
Ауыл адамдарының өз шаруасымен айналасуына жағдай жасау керектігін облыс әкімі Бурабай ауданы халқының алдында есеп беруінде де алға тартты. «Бұл орайда ауыл әкімдері ұйқыларынан оянулары керек!» Бұл да әкімінің айтқаны!
Ауыл шаруашылығына қажетті кадрлар даярлауға әрдайым
үлкен көңіл бөлінуге тиісті және бұл орайда жастармен жұмыс жүргізілуі керек.
-Жуырда Егіндікөл ауданында мектеп оқушыларымен кездестім. Сол кездесуде ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтар жайлы айтып, бұл мамандыққа барып оқығысы келгендерді өзімнің Грантыммен тегін оқытамын деп едім, бірден бес мектеп бітіруші ,бірі агроном, бірі зоотехник, енді өзгелері де ауыл шаруашылығы мамандары болғылары келетіндектірін айтты. Қазіргі уақытта облыс әкмінің грантымен 244 жастар тегін оқып, білім алып жатыр. Біз алдағы уақытта да қажетті мамандықтар бойынша оқығысы келетін жастарды қолдап отырамыз,-деді Марат Ахметжанов.
Осы арада Марат Ахметжанов шағын ғана Қызылағаш ауылының мектеп оқушылары Италияда өткен роботтық техника байқауының дүниежүзілік сайысында Алтын жүлде жеңіп алғандығын мақтаныш ете паш етіп, құттықтады.
«Алтын алған балаларымыз қазір жолда, оларды дұрыстап қарсы аламыз!» деп өз қуанышын жасыра алмады.
Әкім өз есебінде тұрғын-үй құрылысынын жаңа саясаты, туризмді дамытудың, жол құрылысын жетілдіру сияқты көптеген өзекті мәселелер жайлы барды ортаға салып, жоқтың орнын толтырудың алдағы жоспарларын да кеңінен айтып өтті.
-Бізге ендігі арада жалған көрсеткіштің қажеті жоқ! Дамып жатырмыз ба, сол дамытып жатқан ісіміз халықтың тұрмысына оң әсере етіп, олардың көңілдерінен шығып отыруы керек. Бұл Президентіміздің талабы,-деді Марат Ахметжанов.
Әкімнің есептік кездесуінің соңында Марат Ахметжанов бір топ бурабайлық еңбек адамдарын үздік еңбектері үшін бағалы сыйлықтармен марапаттады, Алғыс хаттарын тапсырды.
Былтырғы жылы дәл осы уақытта Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны болып тіркелген Бурабай ауданындағы Жасыл ауылының тумасы Ясина Исенова бір жасқа толды. Осығай орай облыс әкімі Марат Ахметжанов еліміздің жиырма миллионыншы тұрғыны Ясинаны туған күнімен құттықтап, оның әкесі Айдарға 200 мыңның сертификатын тапсырды.
Әкім әркімнің өз жеке мәселелерімен азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болғандардың арасында Президентімізге, әкімге көптеген елдік істері үшін өздерінің ризашылықтарын айтып, алғыстарын жеткізуге келгендер де бар еді!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img