«Шын жүректен» театр студиясының балалар ұжымы 2015 жылы «Көкше» мәдениет үйінің жанынан құрылған және бүгінгі таңда 25 қатысушы бар. Балалардың жастары 12-13-де, олар осындай жасөспірім бола тұра, бірақ қазірдің өзінде көздері ашық, көкіректері ояу, мақсаттары айқын, талапты жастар болып өсіп келеді. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап ұжым жетекшісі болып Амина Қасенова тағайындалды.
«Театр – бұл жарқын, жан-жақты, эмоционалды және әрқашан ерекше әлем. Біз әрдайым бұл керемет әлемді көрермендерімізбен бөлісуге тырысамыз, өйткені жақсыны қаншалықты көп бөліссек, соғұрлым көп болады», — дейді Амина Қайыргелдіқызы өз ұжымы туралы.
Театр студиясында қатысушылар театр өнерінің негіздерін байыпты әрі мықты меңгеруде. Сабақтарға сахналық қозғалыс, сахналық сөйлеу және актерлік өнердің басқа да маңызды аспектілері кіреді. Оқумен қатар балалар спектакльдер қоюда жұмыс істеп, әрбір жаңа жоба олар үшін кемелдікке жету жолындағы маңызды кезеңге айналады.
Қойылым үшін спектакльді таңдау оңай жұмыс емес және жоғары шығармашылықты қажет етеді. Келесі жобаның идеясын табу үшін ұжым көбінесе пьесаларды, ертегілерді, сценарийлерді оқып, жетекшімен бірге талқылап, жасайды. Таңдаған қойылымның дайындығында жұмыс жасай отырып, балалар тек мәтінді ғана емес, сонымен қатар өздерін спектакльді құру процесінің бөлігі болуға үйретеді.
Осы шығармашылық маусымда » Шын жүректен» «Көкше» мәдениет үйінде ұсынылатын жаңа жылдық мерекелерге мюзикл-ертегі дайындап жатыр. Ұжым жетекшісі әр баладағы талант оның даралығының ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Ең бастысы – баланы театрға тарту, оның ішкі әлемін ашуға көмектесу және ойын арқылы эмоцияларды білдіруге үйрету.
Студия қатысушылары үшін әр спектакль кішкентай жеңіс, ал егер ол сәтті болса және көрермендерге ұнаса, бұл екі есе құнды жетістік болады.