spot_img
Бейсенбі, Шілде 31, 2025
15.5 C
Kokshetau

«НОВОПЭК» компаниясының базасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Новопэк» компаниясының базасында қаламыздың студенттері және жұмыссыз жастары үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Аталған жәрмеңкенің мақсаты – жұмыссыз азаматтар мен жастарды жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыру болып табылады. Қоғамның негізгі қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға әрқашан көңіл бөлу маңызды.

Аталмыш жәрмеңкені облыстық ЖРО әр тоқсан сайын саябақтарда, белгілі бір мекеме орындарында өткізіп отырады. Жыл басынан бері Ақмола облысы бойынша Жастар ресурстық орталықтардың жастарды жұмысқа орналастыру бойынша ұйымдастыруымен өткізген шаралар аясында 8022 тегін кеңес беріліп, оның ішінде 4128 жас азамат тұрақты жұмыс орнына орналасты. NEET санатындағы жастар арасында 105 адам жұмысқа алынды.

Іс-шара барысында кәсіпорын бойынша экскурсия, сондай-ақ бос жұмыс орындар жайында жастарға кеңінен ақпарат берілді.

Қазіргі таңда аталмыш мекеме орнында 150-ге жуық бос жұмыс орындар бар екені анықталды. Атап айтсақ, кәсіпорынға көбінесе тігіншілер, операторлар мен механиктертердің жетіспеушілігі байқалды.

Іс-шараға Көкшетау қаласының жоғарғы оқу орнының және колледжінің жоғарғы курс студенттері, жастар арасында жұмыс іздеушілер, БАҚ өкілдері, ұйымдастырушылар және «НОВОПЭК» ЖШС қызметкерлері қатысты.

«Аталған шара аясында қатысушылар аталған компания жөнінде толықтай мәлімет алып, көкейлерінде тұрған сұрақтарын еркін жариялап, жұмысқа орналасуға бір қадам ілгері басқандары білінді. Әрқайсысы комапния жайында ақпарат алғаннан кейін оларға арнайы экскурсия жүргізілді. Жалпы алғанда шараға 30-дан аса қатысушылар қатысты. Айта кету керек, жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында, осы тәріздес шаралар әр тоқсан сайын қаламыздың ірі мекемелерінде өткізіліп отырады» – деп облыстық ЖРО бөлім басшысы Мақпал Жанарисова тоқталып кетті.

Шара соңында белсенді қатысқандарға мекеме басшылықтары атынан естелік сыйлықтар табысталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық қоғамдастық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан -Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтіп, ортақ тарихи және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика