АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі
Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ:
——————————————————–
“Ауылды дамытудың ТОҒЫЗ Бағдарламасы бар! Соларды ауылдарға барып, елдің адамдарына түсіндіру керек қой! Құр сылтау іздей бергенмен болмайды, мың сылтау табуға болады, алайда онымен ісіміз ешқашан ілгері баспайды!»
****************************
****************************
Кеше (11 қараша 2024 жыл) Қорғалжын ауданы халқының алдында есеп берген Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ өз сөзін «Қазақтың қасиеті мол, тарихы тереңде жатқан өңірінің бірі осы-Қорғалжын!» деп бастап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталды.
Әкім сын айтудан бұрын, алдағы уақытта не істеу керек, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдына, соның ішінде ауылды, ауылдың шаруашылығын дамытуда қандай міндеттер қойып отырғандығын тереңінен зерделей сөйледі.
-Қазіргі уақытта ауылды дамытудың 9 бағдарламасы бар! Сол бағдарламалар бойынша ауылды жерде жұмысты қалай ұйымдастыруға болатындығын кеңінен түсіндіру үшін Көкшетауда барлық деңгейдегі әкімдердің семинар-кеңесін де ұйымдастырдық. Жуырда Атбасар қаласында да осындай жиын болды. Былайша айтқанда жергілікті жердегі, ауылдардың әкімдері не істеу керек деген мәселеге біраз дендеп бардық. Ендігі арада әр деңгейдегі әкімдер ауылды жерлерге өздері барып, осы бағдарламаларды жергілікті халыққа кеңінен түсіндіріп, қажетті құжаттарын сол арада дайындап, рәсімдеп берулері керек,-деп обылыс әкімі Марат Ахметжанов әлі де болса Қорғалжын ауданында шағын бизнестің үлесі аз екендігін, жаңа жобалар да аз екендігін алға тартты.
«Ауылда жұмыс жоқ деп, сылтау іздей берсек, мың сылтау табуға болады. Алайда онымен ісіміз ілгері баспайды. Онан да беріліп жатқан жеңілдетілген несиені пайдаланып, түрлі жобаларды пайдаланып, әр ауылдың тұрғыны өз ауылдарын дамытуды қолға алатын кез келді»-, деген Марат Ахметжанов еліміздің батыс өңірлеріндегі облыстарының орталықтарынан тым қашықта, құмның арасында жатқан ауыл халқы бірлесіп кооператив ашып, біреуі мал өсіріп, біреуі мал өнімдерін өндіріп, біреулері мал азығын дайындап, сол өнімдерін алыстағы қалаларға апарып сатып жатса, біз мына тап іргемізде тұрған Астана қаласының рыногын пайдалана алмай отырғанымыз бар» деп қоғалжындықтырға салмақ сала сөйледі әкім.
Орынды сөз! Айтары жоқ! Жастарды ауылға тұрақтандырудың облыста үлкен жобалары бар. Осы орайда ауылды жерге керек мамандықтар бойынша білім алудың игі істері қолға алынып жатыр. Мысалы облыс әкімі тағайындағын 244 стипендия бар, 700 грант бөлініп отыр.
-Көптеген жастарды тегін оқытып жатырмыз. Талап қылушылар болса, біз тартынып қалып жатқан жоқпыз. Кей ауданда болғанымда жастар алдыма келіп, «мен зоотехник, мен агроном, мен дәрігер болайын» деп едім деген тілектерін айтады. Бәріне де көмектесіп жатырмыз. Білім ал да, екі жыл шарт бойынша ауылда еңбек ет те, одан әрі өз өміріңді жалғастыра бер,-деп Марат Ахметжанов бұдан кейін Қорғалжын өңірінде туризмді дамыту мәселесіне тоқталды.
–Қорғалжын дегенде осы елдің одан қалды тұтас қазақ елін әлемге танытқын Қоқиқаз құс төресін айтар едік. 2028 жылы ЮНЕСКО-ның «Табиғи мұралар» тізіміне енгізіліп, 2012 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның қамқорлығына алынған Қорғалжын қорығы әлемде теңдесі жоқ қорық, Ана бір жылдары осы қорыққа Қазақстандағы түрлі емлекеттердің 60 елінің елшілерін алып келіп едім. Сондағы сол шетелдіктерінің таң-тамаш болып, қайран қалғандықтары есте әлі. Солардың кейбірі хабарласып, Қорғалжынды тағы да көргілері келетіндіктерін айтады. Алдағы уақытта осыны қайра бір ұйымдастырсам деп ойлаймын,-деп облыс әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданы бойынша туризмді дамытудың жан-жақты толғамды ойларын ортаға салды.
Бізді ерекше бір риза еткен жай, осы Қорғалжын елі халқының, кәрісі мен жасының өз туған жерлеріне деген құрметтері еді. Мұны облыс әкімі Марат Ахметжановтың қабылдауында болған ел адамдарының ниеттерінен таныдық. Сол қабылдауда болғандардың қазақы мінезбен, қазақы ірілікпен бәрі де өз туған жерлерінің тағдырына қатысты мәселерді айтып жатты. Бірде –бірі жеке басының жайын ашқан жоқ. Бірде-бірі қызбалыққа салынған жоқ. Керісінше істеліп жатқан жұмыстар үшін облыс әкімі Марат Ахметжановқа алығыстарын айтып, тілектестіктерін жеткізіп жатты.
Мысалы, Жантеке ауылынң ақсақалы Қинаят Имашев осы ауылдағы мәдениет үйін қалпына келтіру, Жантке, Ұялы, Қорғалы ауылдарының арасындағы жолдарды дұрыстау, Қорғалжын ауылының ақсақалы Балташ Қарағожин мал жайылымына қатысты мәселелерді қозғады. Бұдан да өзге ел мүдделі жағдайлар айтылып жатты.Әкім өз тарапынан ел үлкендірінің айтқан мәселелерін шешуге тапсырма беріп жатты.
Әкімнің алдына келіп, үлкен болып сөйлеу де, үлкен болып тілеуқорлық пен алғыс айта білу де елдің және ел адамдарының жақсы бір қасиеттері болса керек. Мұны тіпті қазіргі уақытта аса қажетті ұлттық құндылықтардың бірі деп санар едім.
-Биыл көңіл-күйіміз жақсы. Біз біраз мәселелерімізді айтқан едік. Соның біразын шешіп бердіңіз. Рахмет!, -деген қорғалжындықтардың бір ауыз жылы лебіздері сол жиынға қатысушылардың барлығының да көңілдерін жылытып тұрғандай сезілді.
СОҒАН ҚАРАП, «ҚОРҒАЛЖЫН! ЕЛІҢНІҢ ҮЛКЕНДЕРІ КЕМЕЛ ЕКЕН, ЕШНӘРСЕДЕН КЕМ БОЛМАССЫҢ!»
ДЕГЕН ОЙ ТҮЙДІМ!