spot_img
Сейсенбі, Ақпан 10, 2026
-1.8 C
Kokshetau

«Достар» мәдениет сарайының балалары «THE LEGACY SHOW ART AUTUMN 2024» фестивалінде өнер көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Достар» мәдениет сарайында «LEGACY» ЖК және Ақмола облысының «Би спортын дамытудың ұлттық одағы» РҚБ филиалы ұйымдастырған «THE LEGACY SHOW ART AUTUMN 2024» республикалық шығармашылық фестивалі өтті. Оған еліміздің 40-қа жуық өнерлі балалар  ұжымдары қатысты.

Фестивальде педагог-хореограф Алена Закарьянованың жетекшілігімен «Достар» МС-ның «Батыр қыз» би ансамблінің үлкен тобы сәтті өнер көрсетті.

«Халық биі» номинациясы бойынша аталмыш би  ұжымы 19 қатысушының ішінен бірінші орынды иеленді.

 

– Менің қатысушы қыздарым «Кең дала» халық биін орындап, жақсы пластика мен керемет орындау техникасын көрсетіп,  қазылар алқасының жоғары бағалауына  ие болды, – дейді Алена Сергеевна.

«Жеке би» номинациясында  «Батыр қыз» хореографиялық ансамблінің бишісі, он бес жасар Іңкәр Жұмашқызы жеңіске жетті. Жеңіс иегері «Ару ғұмыр» қазақ биін өте жоғары деңгейде орындап,   өзінің әртістік қасиеттерімен жиналған қауымды өзіне қаратып, баурап алды.

Фестиваль жеңімпаздары кубоктармен, дипломдармен және ұйымдастырушылардан медальдармен марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Степногорск қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық квизі өтті

Бүгін Степногорск қаласында «Горняк» мәдениет үйінде интеллектуалдық ізденіс пен экологиялық жауапкершілікке толы ерекше атмосфера орнады. Қала жастары, белсенділері мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика