spot_img
Жұма, Қараша 8, 2024
-10 C
Kokshetau

Көкшетауда «Ақмола – есірткіге қарсы!» акциясы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының Ту тұғыры алаңында  ішкі саясат, білім, мәдениет және спорт басқармаларының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес және жастар ұйымдары, спортшылар мен еріктілердің  қатысуымен «Ақмола – есірткіге қарсы аймақ!» атты ауқымды есірткіге қарсы акциясы бастау алды.

Акция жастардың бойында есірткінің қауіптілігі туралы хабардарлықты қалыптастыруға және салауатты әлеуметтік ортаны құруға бағытталған.

Қатысушылар «Есірткіге қарсы акциясын» өткізіп, есірткі мен шприц бейнеленген плакаттарды жою, есірткіге қатысты заттарды қолдануға және олардың қоғамға теріс әсер тигізетіндігі туралы наразылық білдіру болып табылады.

 

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин сөз сөйлеп, есірткіге тәуелділікпен күресудің маңыздылығын және жастардың осы мәселені шешуге белсенді қатысуын атап өтті.

 

Өңірдегі есірткі қылмысының ағымдағы жағдайы туралы ақпаратпен полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев бөлісіп, сондай-ақ бұл акцияның екінші кезеңі екенін, біріншісі биылғы жылдың қыркүйек айында өткізілгенін атап өтті. Бірінші кезең барысында полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп есірткі дүкендерінің 300-ден астам хабарландыруларын және заңсыз контенті бар басқа да сілтемелерді жойды.

Облыс прокурорының орынбасары Ерболат Жүсіп есірткі қылмысына қарсы күресте қабылданып жатқан шаралар туралы және осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Акция аясында есірткіге қарсы күрестегі бірлік пен тұтастықты бейнелейтін жастар флешмобы, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алу және жастардың есірткі бизнесіне аяқ баспау туралы   ақпараттық буклеттер ұйымдастырылып, таратылды.

Акция қала көшелерінде мемлекеттік тулармен автокөліктердің шеруімен өтіп,  осындай акцияларды өткізу кезегін облыстың Бурабай және Зеренді аудандарына тапсырумен аяқталды. Есірткіге қарсы челлендж облыстың барлық өңірлерінде өтіп, ақмолалықтардың ең көп санын қамтуға мүмкіндік береді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AQMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалардың байқауы өтті

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, жыл сайынғы жастар, студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында «AQMOLA POWER»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img