spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
0.5 C
Kokshetau

Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Кеше (14 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Целиноград ауданы халқының есеп беруіне қатысып, кей-кейде өз міндетіңді адал да абыройлы атқару үшін «Ұлтына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген Әлихан Бөкейхановтың бір айтқаны ойыма оралды.
**

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов:
—————————————————–
« Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет. Ауыл халқы тиісті кәсіп ашуға қажетті құжатты әкімдіктен өздері сұрап келмеуі керек. «Мына кәсіппен сіз, ал мына кәсіпті сіз қолыңызыға алыңыз деп біз ұсынып, құжаттарын біз дайындап қолдарына ұстатуымыз керек. Бизнесті қолдауға қатысты көзқарасты мүлдем өзгерту керек!»
———-
———-
Астананың іргесіндегі Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық және халқының жағдайын жақсарту мәселесіне айырықша көңіл бөлініп келе жатқаны анық. Бұлай емес деп ешкім де айта алмайтын болар.
Елорданың дәл іргесінде болған соң да, осы ауданның ауылдарының да жағдайы түзу болса екен және де елді мекендері де Астананың сәніне сән, ажарына ажар қоса түссе екен деген ниет те болар бұл!
-Сіздер ұмытпаңыздар,-деді облыс әкімі Марат Ахметжанов халыққа есеп бере отырып,- Ақмола облысында барлығы 575 ауыл бар! Бәріне де көңіл бөліп жатырмыз. Барлық ауылдардың тұрғындары да жақсы жағдайда тұрғылары келеді. Осы Целиноград ауданы ауылдарынынң жағдайын жақсарту үшін жыл сайын облыстық бюджеттен ең көп қаражат бөлініп келеді.
Бұл жолы облыс әкімі Марат Ахметжанов халықпен сол халықтың өз «тілімен» сөйлесті. «Халықтың тілі» дегеніміз құрғақ цифр, сылдыр сөз емес, әкім өзінің есебін тыңдауға келгендермен кәдімгідей өз ойы мен айтарын қағазға қарамай-ақ, іркілмей ашық айтып, «барды бар», «жоқты жоқ» дей білді. Алда не істеу керек соны да қоса айтты.
-Құрғақ уәденің және көрсеткіш қуудың заманы өтті. Бізге нақтылы істің нәтижесі керек ендігі арада,-деген Марат Ахметжановтың ойы жұртшылықтың көңілінен шыққандай еді.
Мемлекет басшысының қолдауымен Ақмола облысының біраз елді мекендері Астана агромелорация аумағына кірсе, осы Целиноград ауданының 29 елді мекені астаналық агломерация құрамына еніп отыр.
2024-2028 жылдарға арналған Астана агломерациясын дамытудың қабылданған кешенді жоспары бойынша 300 миллиард теңге сомасына тең 118 жоба кірді. Осыған орай 12 ауылдың жолдарын салуға, кейбірін күрделі жөндеуге, кейбір елді мекендерді сумен, электр және газбен жабдықтаудың жүйелерін қайта құруға да қаражат бөлінді. 12 инвестициялық жоба бар. Осы инвестициялық жобалар бойынша ауданда 192 жаңа жұмыс орнын ашудың мүмкіндігі бар.
Міне, сіздердің әрқайсыларыңыздың өз кәсіптеріңізді ашып, елді де, өздеріңізді де табысты етудің мүмкіндігі бұл! Ал енді, жергілікті билік Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндірулері қажет. Ауыл халқы тиісті кәсіп ашуға қажетті құжатты әкімдіктен өздері сұрап келмеуі керек. Біз мына кәсіппен сіз, ал мына кәсіпті сіз қолыңызыға алыңыз деп біз ұсынып, құжаттарын біз дайындап қолдарына ұстатуымыз керек, бизнесті қолдауға қатысты көзқарасты мүлдем өзгерту керек -,деп Марат Ахметжанов бұл мәселені жергілікті билік орындарына қарата да қадап та айтты.
Әкім өте бір өзекті мәселені ойып тұрып айтты. Өйткені қазіргі уақытта Целиноград ауданының елді мекендерінде халықтың ең көп шоғырланып отырғаны анық. Облыс әкімі Марат Ахметжанов «жіргілікті халықты жұмыспен қамтуды жақсарту үшін халық тұтынатын тауарлар өндіру кластерін құру қажет» деді.
Целиноград ауданы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі әзірге 2,7 пайызды құрап отырғандығын ескерсек, ауданның кәсіпкерлікті дамыту әлеуеті толық пайдаланылмай отырғандығын алға тартуға болар еді.
Осы арада елдің және халықтың толғандырып отырған біраз мәселелерін айтыпғ олар қалай шешілгендігін, қалай шешіліп жатқандығын және алда не істелетіндігін айтқан кезде облыс әкімі Марат Ахметжановтың сөзіне және қойып отырған талаптарына халық қол соғып, қолдау білдіріп отырды.
*
Халық алдында есеп берген Марат Ахметжановтың жасап жатқан ісі де, алдағы кезеңдерге белгілеп отырған міндеттері де, қоя білге талаптары да көптің көңілдерінен шыққандығын Марат Ахметжановтың кездесу соңынан халықты жеке қабылдауында анық байқалды.
Бұл жолы әкім отыздан астам тұрғындарды қабылдап, олардың жүзден астам сауалдары мен толғандырып отырған мәселелері жайлы жауап беріп, шешудің жолдарын айтып, тапсырмалар беріп отырды.
-Біз қабылдауыңызға жазылған едік, келіп отырмыз. Алайда бізді толғандырып отырған мәселені жаңа кездесуде айттыңыз, енді Сізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ!,-деп жатқандар да болды.
**
Бұл ауыл тұрғындарының біраз мәселесінің шешіліп отырғандығын айғақтайды. Әрине, мәселе бар! Түгел дүние жоқ. Соның бәрін де айғай-шусыз-ақ, ақылмен, сабырмен, бірлесе отырып шешуге болатындығын Марат Ахметжановтың сөзі мен ісінен анық таныдық.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img