АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.
5 МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ!!!
БҰЛ-ЕЛ ЫРЫЗДЫҒЫ, ХАЛЫҚТЫҢ НЕСІБЕСІ, МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚУАТЫ.
АҚМОЛАЛЫҚ ДИҚАНДАР АЛҒАШҚЫ 5 МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ЖИНАП, АСТЫҚ ҮШІН КҮРЕСТЕ АЛҒАШҚЫ ІРІ ЖЕҢІСКЕ ИЕ БОЛДЫ!
——————
Әлқисса биылғы астық үшін күрес оңайға соғып жатпағаны анық.
Көктемде су тасқыны елді әбігерге салды.
Қыстай жауған қалың қар көктем шығар-шықпастан бір түнде күрт еріп, қалаға да, ауылға да лап қойды.
Сай-саланы да, жолды да, ауылды да су басты. Ел састы.
Қарғын судың беті қатты болғаны соншалықты, кейбір елді мекендер байланыссыз, жарықсыз қалып, мал мен жанға қауіп төнді.
Ел басына күн туған сол бір аса қиын шақта кей ауылдарға азық- түлік, дәрі-дәрмек қайықпен жеткізіліп,қауіпті аймақтардан адамдар көшіріліп жатты.
Ат ауыздығымен су ішер, ер етігімен су кешкен кезді көз көрді.
КӨКТЕМ БОЙЫ.
—————————-
Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ сол бір сындарлы кезеңде ұйқы-күлкіден қалып, біресе су алып жатқан қала , біресе тасқынның жолында қалып бара жатқанауылдардың халқын су апатынан аман алып қалудың барлық жауапкершілігін өз қолына алып, майданның алғы шебінде жүрді.
Қызыл су айнала маңын түгел шайып, тіршілік аралынан мүлдем ажырап қалған Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылына Марат Мұратұлы Ахметжановтың қайықпен барып, ауыл халқының жағдайын өз көзімен көріп қайтқаны да болды.
Бұл тасқыннан зәрещап болып үркіп отырған ауыл халқына үлкен демеу болды. Бойларындағы үрейлері сейіліп, өздерінің иесіз қалмағандвқтарына иланып еді.
ЖАЗ БОЙЫ.
——————-
Қалың ел болып су тасқыны зардаптарын жоюмен күресті. Әсіресе, баспанасыз қалғандар ерекше назарда болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев “табиғат апатынан зардап шеккен бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмасын” деп шегелеп берген тапсырмасын орындауға жер-жерде айырықша мән беріліп, күш жұмсалды.
Тағы да жанталас.
Әкім Марат Ахметжанов тағы да өзіне тән жауапкершілікпен бір тыным көрмей, үйсіз-күйсіз қалғандардың жайын ойлап, мазасыз күй кешті.
Үй сатып әперді біреулеріне. Біреулерінің қора-қопсыларын жөндетті.
Есіл қаласында 100 күнде су жаңа 21 пәтер салынды. 100 күнде!
Оңай болған жоқ! Құрылысшыларда жазық жоқ! Істің орайын келтіруде тағы да Марат Мұратұлына кей жағдайда өз бағыныштыларына тәтті айты… кей жағдайда қатты да айтты. Бұл халық үшін, оның мүддесі үшін керек болатын!
Сол талап қоюдың және тәртіп пен жауапкершілікті күшейтудің, көзбояушылықты жоюға қарсы жасалған әрекеттердің нәтижесінде көктемде судан зардап шеккендердің көз жастары да сел болса, енді міне қысқа уақытта барлық жағдайы бар су жаңа пәтер алғандардың қуаныштан жылап тұрғандарын да көрдік!
“Мұның да бір қайыры мен жақсылығы болар!” деп елге тоқтау айтқан едік кезінде!Қайыры болып жатыр! Ылайым солай болсын әрдайым!
Өткен тамыз айында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстың әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановты жеке бір қабылдауы, одан кейін Мемлекет басшысының “Родина” агрофирмасына арнайы келуі Ақмола өңірінің бәсін де, абвройын да арттыра түскенімен бөлек, аса зор жауапкершілік барын да ұғындыра түсері бар.
“Маған халықтың жағдайын жақсартуға пайдасы тимейтін желбуаз көрсеткіштерді тықпалағанды қойыңыздар!”
Үлкен бір алқалы жиында осыны айтқан Марат Ахметжановтың мұнысы, өз жеке басы ел алдындағы, халық алдындағы,мемлекет алдындағы жауапкершілікті терең сезіне білер азаматтық ұстанымы болатын!
Президентіміздің “Әділ Қазақстан, әділ қоғам, әділ экономика” бағытын ұсынып отырған қазіргі тарихи сәтте Марат Ахметжановтың бұл ұстанымының үлкен мәні мен маңызы бар.
КҮЗ БОЙЫ.
——————-
Сұр бұлт жер бауырлап жатып алды. Жауын құйып өте шығады. “Аспан түбі тесілген бе, не болды бұл?”-деп Арқа халқы жауыннан ығыр болған да еді.
Елдің бар уайымы мына күзгі жауын-шашын егін-шөпті жинатса жарайды ғой болды.
Сондай бір ақ жауын құйып тұрған күні Көкшетауға Ақмола облысының барлық диқандары мен мамандары, агроөнеркәсәіп саласының басшылары, ғалымдар жиналды.
Жиынды шақырған Марат Ахметжанов еді!
“Астық үшін күрес басталды!”
Алқалы топтың алдына шыққан Марат Мұратұлының алғашқы сөзі осы болды!
-Иа… астық үшін күрес басталды! Нан басты байлығымыз!
Ақмола облысы Қазақстандағы ең ірі астықты өңір. Кешегі тың игеру кезеңінен бастап біздің ақмолалық диқандардың даңқы кеңінен жайылғанын жақсы білесіздер. Біз әрдайым диқан еңбегін жоғары бағалаймыз, алғысымыз да зор! Ал, енді бүгінгі күні сіздер мен бізге ауыр жүк түскелі тұр! Астық үшін күрес еліміздің азық -түлік қауіпсіздігі үшін күрес! Бізге бүкіл ел қарап отыр!..
Сілтідей тынған диқан қауымын қан майданға қайрап салған қолбасшыдай көрінді облыс әкімі.
Марат Ахметжановтың мына сөзінен кейін ширығып, қайраттанып егіс алқаптарына аттанған егінші қауымы ауа райының тым болмаса екі-үш аптадай ашыла тұруын тәңірден тілеп бара жатты.
“Жыртық үйдің де құдайы бар демекші,” күздің алғашқы айы – Қыркүйектің бірінші онкүндігінен кейін күн ашылып сала берді.
“Астық үшін күрес басталды!” деген әкімнің бір ауыз сөзін ұран еткен барша Ақмола облысының диқандары астықты алқаптың апшысын қуырып, орақты аяқтауға жақындап қалды.
Орақты толық аяқтап отырған шаруашылық ұжымдары да бар.
Алғашқы 5 миллион тонна астық!
Әр түйір дән үшін күресуде қазір ақмолалық диқандар!