spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-6.8 C
Kokshetau

Мәдениет ардагері Орынтай Жүсібалинаға құрмет көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жүсібалина Орынтай Мұсалимқызы биыл 72 жасқа толды. Өзінің құрметті жасына қарамастан, ол кісі  мәдени және қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысады. Мәдениет  ардагері  өз уақытын тек үйде өткізбей, қаламыздың мәдениет мекемелері ұйымдастыратын іс-шаралардың жиі, құрметті қонағы. Ол жастармен мәдени-ағартушылық жұмыс бағыты бойынша сұхбат беріп,  өлеңдерін оқып, әндерін айтып,   мол тәжірибесімен бөліседі.

– Мәдениет пен тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты және жастардың бойына мәдени құндылықтарды  сіңірмей, рухани-адамгершілік тәрбие беру мүмкін емес, – дейді Орынтай апай.

Мәдениет колледжін аяқтағаннан  кейін,  мәдениет саласында отыз жылдан астам жұмыс істеп, оның ішінде 17 жыл Красный яр ауылындағы «Көкше» мәдениет үйінің директоры болып қызмет атқарды.  Көптеген дарынды әртістерді тәрбиелеп, олардың  өмірлеріне бір  жолдама берді деуге де әбден болады.

Өнерге, әдебиетке деген сүйіспеншілік оған танымал жазушылармен, ақындармен, әртістермен тығыз қарым-қатынас арқылы келді, олар оның әнге, музыкаға, шығармашылыққа деген қызығушылығын оятты. Олардың арасында жерлесі, халық ақыны Көкен Шәкеев те бар. Орынтай апай домбырада тамаша ойнап қана қоймай, Көкшетауға, табиғатқа, отбасына арналған өз әндерін шығарып,  орындайды. 2022 жылы оның «Үкілім Көкшем» атты  кітабы жарық көріп, ал биыл Көкшетау қаласына  200 жыл толуына орай «Көгілдір  Көкше»  атты әнін жазды. «Әжелер» фольклорлық тобының құрамында  ауыл тұрғындары алдында концерттермен жиі өнер көрсетті.

Белгілі журналист, ақын Қорғанбек Аманжолов өзінің «Біржан бұрмалары» кітабында осы ғажайып, шығармашыл адам туралы жазды. Шығармашылық жастармен кездесулерде Орынтай апай оларға өз кеңестерімен және тәжірибесімен бөлісіп:

– Мәдениет қызметкерлері бүгінде шығармашылықпен өмір сүріп, тыныс алуы, ең жарқын да жақсы оқиғалардың орталығында болуы, басқаларды өзінің жағымды  энергиясымен баурап алуы, қазақ халқының мәдени мұрасын дамыту мен насихаттауды ұмытпай, уақытпен қатар жүруі тиіс – деді, сөз соңында біздің бүгінгі ғажайып кейіпкеріміз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img