spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

АЭС БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ: ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сондай-ақ...оқыңыз

 

27 қыркүйек күні Ерейментау ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Григорьевна Дементьева келді.
Сапардың мақсаты: АЭС бойынша референдумды түсіндіру.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева «Орман шаруашылығы» ММ, «КИ-811» автожөндеу зауыты және «Баян» СҮ еңбек ұжымдарымен кездесті. Мәжілісмен 6 қазан күні сайлау учаскелеріне келіп, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырды. Еңбек ұжымдарының алдында сөз сөйлеген депутат Н.Дементьева атом электр станциясын салудағы басты қажеттілік – электр энергиясының тапшылығын шешу деген пікірін білдірді. Мамандардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат тапшылығы сағатына 13 млрд. киловаттан асуы мүмкін.
Наталья Григорьевна АЭС құрылысының артықшылықтары, қазіргі заманғы атом электр станцияларының қауіпсіздігі, олардың жұмыс істеу қағидаттары және атом электр станцияларының қоршаған орта мен адам денсаулығына әсер ету дәрежесі туралы ақпаратпен бөлісті.
«Бүгінгі таңда Қазақстанның атом өнеркәсібінде 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді, олардың 15 мыңы – негізгі өндірістік персонал. Сондай-ақ, көптеген мамандар Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институтында жұмыс істейді», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері АЭС қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар қойды.
Депутат барлық сұрақтарға кеңестік және заңнамалық сипатта түсініктеме берді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img