spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда «Мен – донормын» қайырымдылық акциясы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ және облыстық «Денсулық сақтау басқармасы» ММ бастамасымен, өңірлік Жастар-ресурстық орталығы және Ақмола облыстық Қан орталығымен бірлесе, «Мен – донормын» қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды облыстық жастар ресурстық орталығы.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – адамдарға қан қорын құру қажеттілігі туралы хабарлау және барлық бей-жай қарамайтын адамдарды ерікті негізінде донор болуға шақыру болып табылады.

Қан – адамдардың денсаулығының өте маңызды элементі болып табылады. Донорлық қан әр сағат сайын, минут сайын қажет. Қаныңызды бөлісу дегеніміз біреуге өмір сүруге мүмкіндік беру. Донорлар 450,0 мл көлемінде қан тапсырады, дені сау адамның денесі үшін бұл көлемде қан тапсыру физиологиялық қауіп төндірмейді, сонымен қатар қан кету қаупі жоқ. Зерттеу нәтижелері мен сарапшылардың тәжірибесі донорлықтың адам денсаулығына өте пайдалы екенін көрсетеді.

Қайырымдылыққа арналған акцияға мемлекеттік қызмтекерлер, волонтерлер және барлық ниет білдірушілер қатысты.

«Қайырымдылыққа арналған акцияға Ішкі саясат басқармасы, Білім басқармасы, өзге де мемлекеттік қызметкерлер және аталмыш басқармаларға бағынысты мекемелер қызмтеркерлері, «Ауыл жастары» жастар қанаты төрағасы, облыстық ЖРО қызметкерлері, сондай-ақ, барлық ниет білдірушілер қатысты. Жалпы акцияға 100-ден аса қатысуға ниет білдірген  өкілдерінің ішінен тек 20-сы ғана донор бола алды. Айта кету керек, аталмыш акция жыл сайын жалғасын табады» – дейді ұйымдастырушы тарапынан облыстық ЖРО.

Акцияға қатысушылар алдын ала қан тапсыру ережесімен танысуға және акция басталғанға дейін нұсқаулықтан өтуге міндетті. Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін барлық жағдайларды жасап, акцияның өткізу кезінде олардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауап береді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img