Фото : Pixabay
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ҒЗҚ ҚҰ 2024 жылғы 18 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында әлеуметтанулық зерттеу жүргізді, деп хабарлайды kisi.kz.
Сауалнамаға 18 жастан асқан 8 мың респондент қатысты.
XXI ғасырда энергетика экономикалық тұрақтылыққа, қоршаған ортаға және адамдардың өмір сүру сапасына әсер ететін жаһандық дамудың негізгі факторларының біріне айналды. Уранның орасан қорына ие Қазақстан маңызды таңдау – электр қуаты тапшылығы мәселесін шешудің жолы ретінде АЭС салу мәселесін қарастыруда.
Сауалнама жүргізілген кезде респонденттердің жалпы саны 59,2% дауыс беруге қатысуға жалпы дайынекенін білдірді. Оның 41,6 пайызы нақты ниет танытты.
Бір қызығы, электоралдық белсенділік көрсеткіштері ағымдағы жылдың тамыз айында өткен қоғамдық сауалнамада алынған деректермен бірдей. Ол кезде сайлауға қатысудың әлеуетті деңгейі 59,0% құрады.
Әрбір бесінші респондент әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, ал 17% референдумға міндетті түрде қатыспайтынын атап өтті.