spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Өркендейтін елміз!

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

Бұл шешім, ең алдымен, Қосшы тұрғындарының өмірін жеңілдету мақсатында қабылданды. Олар тұрмыстық мәселелерімен облыс орталығы Көкшетауға баруға мәжбүр болады. Оған көп уақыт, күш жұмсайды. Әрине, бұл тұрғындардың жүйкесін жұқартады. Сондықтан қаланың әкімшілік мәртебесін өзгертетін осындай шешім қабылданды. Мен мұны дұрыс шешім деп есептеймін!
(27 шлде, 2021 жыл.)
***********************
Қосшы деген қала бар Қараөткелде,
Ерке Есілдің жанары аймалаған!
Ғалым Жайлыбай.
* * *
Кеше, (26 шілде 2024 жыл) Қосшы қаласының құрылғанына үш жыл болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 26 шілде күнгі № 629 Жарлығымен Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылған болатын.
Міне, осы Жарлық шыққан күн, 26 шілде Қосшы қаласының туған күні!
Қосшының қала мәртебесіне ие болуының үш жылдығына орай өткізілген іс-шараға қатысып, Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ құттықтауын жеткіздім.
***********************************************************
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы Қосшы ауылына қала мәртебесін беруі бұл еліміздің болашағын ойлағандығы еді. Сонымен бірге сол тұста Жезқазғанның Ұлытау, Семейдің Абай облыстары болып құрылуы, бұрынғы Қапшағай қаласының Қонаев қаласы мәртебесіне ие болып, Алматы облысының орталығыына айналуы, бұрынғы Талдықорған облысының Жетісу облысы болуы мұның барлығы да еліміздің өсіп-өркендеуіне, халқымыздың жайлы өмір сүрулеріне деген шынайы қамқорлық болатын.
Қала мәртебесіне ие болған үш жылда Қосшыда үлкен өзгерістер болды. Соңғы үш жылда негізгі капиталға 105 миллиард теңге жеке инвестиция салынды. 5 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бір аусымда 100 адам қабылдай алатын емхана ашылды. Алдағы уақытта 1000 келушіге арналған 300 орынды көпсалалы аурухана салу мақсатында «VIAMEDIS» компаниясы мен Ақмола облыстық әкімдігі меморандум жасасып, бұл іс қолға алынды,-деген облыс әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауында айтылған жайлар Қосшы қаласының алдағы дамуының зор мүмкіндіктерін айқындап бергендей. Қосшылықтар өңір басшысын құттықтауын зор ықыласпен, ризашылықпен қабыл алды.
Қосшы қаласының әкімі Гейдар Қабдоллаұлы Қасенов өзінің құттықтау сөзінде тұрғындар үшін қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Және атқарылып жатқан бар игі істер үшін облыс әкімі Марат Ахметжановқа қала тұрғындары атынан шынайы ризашылығын білдірді.
Қосшы қаласындағы жаңа гимназия мекетебін және спорт сауықтыру орталығын аралап көргенімізде қаланың қазіргі инфрақұрылымы осы заманғы озық үлгімен дами бастағанына көз жетті.
Әсіресе Өтемұратовтың қоры есебінен салынған жаңа мектепке таң қалмасыңа болмас еді! Ғажап! Мұндай мектепте оқу, білім алу әр оқушыға арман болса керек! «Алан» атты сауықтырк орталығындағы түрлі спортпен айналысып жүрген, бассейнде жүзіп жүрген балаларды көріп, көңілді қуаныш биледі.
Шара соңында Қосшы қаласының әкімі Гейдар Қасенов қаланың мерекелік медалін тапсырды, олардың арасында ел ағалары, қазіргі және өткен шыақырылымдардың мәслихат депутаттары, қаланың өркендеуіне үлес қосып келе жатқан қарапайым еңбек адаидары, мұғалімдер, кәсіпкерлер, өнер мен мәдениет саласының қызметкерлері бар.
Мерекелік медаль алғандардың атынан белгілі ел ағасы, кезінде түрлі лауазымды жауапты қызметтер атқарған Әнуарбек Мамырұлы Сағитов сөз сөйлеп, «бұрын қажет дүниемізді алу үшін, бассейнге баруға да, түрлі шараларға қатысуға да Астанаға барушы едік, Енді қазір сол керектің барлығы өз Қосшымызда бар. Тіпті астаналықтардың өздері енді біздің қаламызға келетін болды,-деп жас қаланың өркендеп келе жатқанын бір ауыз сөзімен түйіп айтты.
Шара соңы ән мен күйге ұласты.
Қосшы атты қаланың бүгінін көріп, ертеңіне жасалған жоспарын көріп еліміздің өсіп, өркендеп келе жатқанының куәсі болдық.
Біз сөз жоқ өсетін, өркендейтін елміз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img