spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-6.8 C
Kokshetau

Көкшетауда Жылу электр орталығының құрылысы 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының өкілдерімен кездесіп, Көкшетау қаласында салынатын жылу электр орталығының жобасын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Жиында облыс әкімі Көкшетау қаласын жылумен қамтамасыз ету стратегиялық маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтіп, нысанды белгіленген уақытта пайдалануға беру керектігіне ерекше тоқталды.                    – Облыс орталығында ЖЭО құрылысын салу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселесіне зор көңіл бөлінуде.  Біз бар күш-жігерімізді салып, жобаны уәде етілген мерзімде іске асыруымыз керек, – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.                                                  Кеңесте «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жобалық жұмыстардың басталғанын айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Айта кетуіміз керек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына  орай, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы ЖЭО құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жаңарту рәсімі басталып, «Көкшетау ЖЭО» серіктестігі құрылды. Сондай-ақ, «ИНТЕР РАО-Экспорт» жауапкершілігі шектеулі қоғамымен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге келісімшарт жасасу келісу сатысында, жер учаскесін бөлу және бастапқы деректерді жинау мәселесі де пысықталуда.

Дайындық жұмыстары, атап айтқанда аумақты қоршауды, кірме жолдарды салуды, инженерлік ізденістерді биылғы жылдың үшінші тоқсанында бастау жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Көкшетау қаласында жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісім жасалған болатын. Қызметті үйлестіру екі елдің Энергетика министрлігіне жүктелген. Уәкілетті ұйымдар «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы мен «ИНТЕР РАО – Экспорт» жауапкершілігі шектеулі қоғамы болып белгіленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img