spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 16, 2024
1.2 C
Kokshetau

«Игі істер марафонынан» – «Таза бейсенбілікке» ұласқан акция

Сондай-ақ...оқыңыз

2024 жылғы 9 шілдеде еліміз бойынша «Игі істер марафоны» жобасы  бастау алды. Жоба бойынша әрбір қазақстандық мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсетіп, қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға атсалысуы тиіс.  

Марафон аясында «Мейірімділік апталығы мен тақырыптық іс-шаралар» өткізу жоспарланған. Ондағы мақсат – Қазақстан халқы арасында волонтерлік және қайырымдылық мәдениетін тарату және дамыту.

11 шілде  Ақмола облысы бойынша «Экологиялық» апталығы аясында «Таза бейсенбілік» акциясын ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты – қаламызды көгалдандыру және абаттандыру, қоршаған ортаны тазартуға үлес қосу.

Аталмыш акция бүгінде жастар тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған іс-шараның біріне айналып отыр.

Акция барысында Көкшетау қаласында Қопа көлінің жағалауы мен маңы тазартылды. Шараға 100-ден астам қала тұрғыны, жастар мен қоғам белсенділері қатысып, 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Жалпы, облыс бойынша 1 мыңнан аса адам аталмыш шараға атсалысты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img