spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар көрші облыстың археологиялық қазба жұмыстарына қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасарлық оқушылар көршілес орналасқан Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы археологиялық қазба жұмыстарына  қатысты.

Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының  «Тарих мұрасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауылында археологиялық қазба жұмыстары ұйымдастырылды.

Атбасар ауданының мектеп оқушыларымен қатар мұғалімдері де ондағы қазба жұмыстарына қатысып, археологияны зерттеуге атсалысты.

Археологиялық қазба жұмыстарының мақсаты – табиғи, антропогендік фактордың салдарынан жойылып кету қаупі бар қорғандарды, ежелгі қоныстарды зерттеу және оны қорғап-құтқару жұмыстарын қарастыру, жоба арқылы өскелең ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, тарихымыз бен мәдениетімізге және археология ескерткіштеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Айыртау ауылының аумағында ежелгі ботайлықтардың өмір салты мен дүние танымдық-қасиетті контекстерін зерттеуге арналған ғылыми жоба аясында археологиялық қазба жұмыстары жалғастырылды.

Археологиялық қазба барысында қатысушылар археологиялық лагерьге орналастырылып, техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Олар артефактілердің классификациясын, алау жанында «Ботай мәдениеті» туралы қызықты да танымды дәріспен танысты. Шатырларды құру жөнінде шеберлік сыныбы өткізілді.

Сонымен қатар, «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері балаларға керамиканы мүсіндеу жөніндегі шеберлік сыныбын көрсетті. Бос уақыттарында балалар спорттық ойындар ойнап, сауықтыру шараларына қатысты.

«Қазба жұмыстары кезінде табылған артефактілерге – қыш ыдыстар, жебе ұштары секілді тағы да басқа тарихи заттарға балалар ерекше қызығушылық танытты. Олар мұражай қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, өз ойларымен бөлісті»,–дейді ұйымдастырушылар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img