spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Облыс әкімі топ жарған «Айбын» клубының мүшелерін құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Х «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиынынан жеңімпаз болып оралған Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелерімен кездесіп, осы жеңістерімен құттықтады және білім ордасына 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті

Жуырда Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының оқу орталығында өткен Х «Айбын» халықаралық байқаудан біздің ақмолалық жастар  – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубы бірінші орынды жеңіп оралған болатын. Әзербайжан, Беларусь, Қырғыз, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінің жас патриоттарынан бас-аяғы 750 адам жиналған дүбірлі додада жерлестеріміздің суырылып алға шыққаны ақмолалықтар үшін үлкен абырой. Себебі, іс-шара жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналды.  Ақмола облысының намысын ойдағыдай қорғап келген клуб мүшелері, жауапты сәтте өзінен кейінгі командадан 12 ұпаймен озып шығып, абыроймен жеңіс тұғырына көтерілді.

– Біз әрқашан талантты, ақылды, қабілетті және патриот жастарды қолдаймыз. Бұл жеңіс біздің аймақ үшін өте маңызды. Елімізде өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Ол арқылы жас ұрпақ Отанымызды қорғау үшін қажетті жеке қасиеттерін дамытады, –деп  облыс әкімі клуб мүшелерімен кездесуде олардың сенімді ақтап оралғандары үшін алғысын білдірді. «Мен сіздерге дайындықтарыңызды көрген кезде сенім артқан болатынмын» деді.

Жастарға ізгі тілектерін білдірген соң, аймақ басшысы білім ордасының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, академик Нұртас Ахатқа 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етіп, клуб мүшелеріне облыс әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етті, ал, тәлімгерлерді «С.Нұрмағамбетовке 100 жыл» медалімен марапаттады.

Бұл жарыстың мақсаты әскерге шақырылатын жастардың бойына патриоттық сезім ұялату, әскери-қолданбалы спорт түрлері мен салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық және әскери-қолданбалы дағдыларды жетілдіру болып табылады. Осы сыннан сүрінбей өткен жерлестерімізге жеңісті сәттеріңіз көп болсын дейміз.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img