«Достар» МС-нда «Асыл мұра» халық би ансамблінің есептік концерті өтті. Аталмыш би ансабліне 3 пен 20 жас аралығындағы 80-ге жуық бала қатысады. Оның қызметінің негізгі бағыты – халық билерін орындау, деп хабарлайды қоғам белсендісі Серік Сәдуақасов.
Балалар би ұжымы қалалық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Жақында ансамбль «Гүлденген қызғалдақтар» халықаралық хореографиялық өнер байқауына қатысып, «Халық биі» номинациясын жоғары топ Гран-при жеңіп алып, ал кіші топ бірінші орыды иеленді.
Ансамбльдің негізін қалаушы және тұрақты жетекшісі – Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің түлегі, дарынды және өз ісін сүйіп жасайтын тұлға – Дина Орманшина.
-«Мен өз жұмысымның басты мақсаты – шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға дайын жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру деп санаймын. Мен әр баланы түсінуге және сезінуге, оның шығармашылық әлеуетін ашуға тырысамын. Би сабақтары балалардың жақсы талғамына тәрбиелейді, пластиканы дамытып, өз денесін әсемдікке үйретеді, – дейді Дина Балташқызы.
Педагог-хореограф ретінде ол хореографияның заманауи жетістіктерін пайдаланып, би шығармашылығына қазақ халқының көркем мәдениетінің элементі ретінде қарайды.
Өзінің есептік концертінде би ұжымы қазақ, классикалық билермен қатар өзбек, ұйғыр халықтарының ұлттық билерін орындады. Орта және кіші топтардың орындауындағы «Ретро» стиліндегі керемет жарқын би композициялары көрермендердің зор қошеметіне бөленіп, аса ықыласын баурап алды. Осындай тамаша өнердегі кеш тез және байқалмай өтіп кеткенімен, көрермендердер жас таланттардың орындаушылық шеберлігіне ұзақ уақыт бойы қол шапалақтады.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Оразбаева би ұжымын құттықтап, өз сөзінде «Асыл мұра» ансамблі би өнерін белсенді түрде насихаттап, мәдениеттің дамуына зор үлес қосып, Көкшетау қаласын халықаралық конкурстарда абыроймен таныстырып жүргенін атап өтіп, ұжым жетекшісі мен мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті.