spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Партия жобалары ақмолалықтардың әл – ауқатын арттыруда

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясы  бүгінгі күні түрлі бағыттағы 13 жобаны жүзеге асырып келеді. Әрбір жоба мақсатты топтарға арналған. Атап айтсақ, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы ардагерлерге қамқорлық жасауға, қарттарға әрдайым қол ұшын созу, олардың ертеңгі ел болашағы үшін еткен еңбегі мен өнегелі өмір жолынан тағылым алу бағытталса, «Кедергісіз келешек» мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруды көздейді. «Бақытты отбасы» жобасы көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қамқорлыққа алу, сонымен қатар мерейлі отбасыларды үлгі етуге, насихаттауға бағытталған. «Құқықтық көмек» жобасы аясында халыққа тегін құқықтық кеңес беру, партияның қоғамдық қабылдаулары арқылы құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Жалпы, «Құқықтық көмек» жобасы бойынша жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауларына 3480 өтініш келіп түсіп, оның 64% оң шешімін тауып, қалғандары бойынша жұмыс жүріп жалғасып жатыр.

Соңғы жылдары жүзеге асып келе жатқан «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Жастарға жұмыс», «Кітап- AMANAT», «Ұлттық мұра», «Tomiris», «Taзa Қазақстан», «Менің елім-менің тілім», «Qaisar»   жобалары да халыққа кеңінен танылып, үлкен қолдауға ие болып отыр.

Халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысатын  өңір үшін «Ауыл аманаты» жобасының маңызы бір бөлек. Ауылдағы ағайынның табысын арттыруға бағытталған жоба шеңберінде өткен жылы облысқа 1,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, 198 жеке кәсіпкерге 2,5 пайызбен несие берілді. Биыл облысқа 1,4 млрд. қаржы бөліну көзделіп отыр.

Мемлекет басшысынан қолдау тапқан «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. Өткен жылы жоба еліміз бойынша 8 өңірде жүргізіліп, 65 мың тұрғын қаржылық сауатын арттыру оқу курсынан өткен болатын. Ағымдағы жылы барлық өңірлерде іске қосылды. Биыл жоба аясында Ақмола өңірінен 8000 азаматты қаржылық сауаттылық оқу курсынан өткізу жоспарланған болса, бүгінгі күнге күнгедейін облыстың 3 мыңға жуық тұрғыны білім алды.

Былтыр қараша айында облыстық партия филиалының жанынан «КІТАП – AMANAT» мәдени-ағартушылық орталығы ашылған болатын. Басты мақсаты «автордан оқырманға» қағидаты бойынша қазақстандық авторлардың сапалы кітап өнімін ілгерілету, мемлекеттік тілде кітап өнімін шығаратын отандық баспаларды қолдау. Сонымен қатар, мемлекеттік тілге аударылған дүниежүзілік бестселлерді танымал ету және қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қазақстандықтардың интеллектуалдық-мәдени әлеуетін дамыту проблемаларына жұртшылықтың назарын аударып, жаңа кітаптарды талқылай отырып кездесулер, тұсаукесерлер, оқырман кештері түрінде қазақстандық жазушылардың, авторлардың, баспагерлердің қатысуымен құрылатын мәдени-ағартушылық орталық негізінде партияның іс-шаралары өтіп тұрады. Қазіргі уақытта орталықта   400-ге жуық кітап бар. Отандық және шетелдік авторлардың кітаптары, соның ішінде бизнес, психология, көркем әдебиет, балалар әдебиеті, ерте жастан дамуға арналған кітаптар, шет тілін үйренуге арналған кітаптар бар.  Кітап алмасу бұрышында 100-ге жуық кітап бар. Сонымен қатар, осы кітап орталығында рухани құндылықтарды  жаңғырту, танымал тұлғалардың есімдерін ұлықтау  мақсатында қоғам қайраткерлерін, мәдениет басқармасының, қалалық мәдениет бөлімінің және өзге де мемлекеттік мекемелердің өкілдерін, депутаттар, университеттер мен колледждердің студент жастарын шақыра отырып мәдени, рухани шығармашылық кештер, кездесулер өтіп тұрады. Орталық ашылғаннан бері 20-дан астам рухани-шығармашылық бағыттағы кездесу өткен.

Партия жанындағы «Жастар руһы» жастар қанаты жүзеге асыратын «Жастарға жұмыс» жобасы аясында мемлекеттік органдармен бірлесе отырып 3 рет жәрмеңке өтіп,  орта және жоғарғы оқу орнын бітіруші студенттер мен жұмыс беруші арасында кездесу ұйымдастырылды. ​ Мұнан бөлек, жастар қанатының  «Tomiris», «Taзa Қазақстан», «Менің елім-менің тілім», «Qaisar» секілді партиялық жобалар аясында да түрлі бағыттағы іс –шаралар ұйымдастырылуда.

Партияның Ақмола облыстық филиалы жанынан «Менің елім-менің тілім» жобасын жүзеге асыру мақсатында  ашылған «Сөйле»  клубында қазақ тілін үйренемін деген 40-қа жуық астам азамат бар. Тіл үйренушілерге қазақ тілін оқытып жүрген орыс қызы Малькова-Солопова Алена Юрьевна партия ғимаратына келіп, кешкі уақытта тегін сабақ беріп жүр. Жалпы, ел аумағында партияның бастамасымен осындай 12 клуб ашылып, онда 3000-ға жуық адам қазақ тілін үйреніп жатыр.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы  аясында бастауыш партия ұйымдары, депутаттар, партия филиалдарының қызметкерлері әр бейсенбі қоқыстанған жерді тазалауға шығып, тазалық акциясына өз үлестерін қосуда.

Бір сөзбен айтқанда партиялық жобалардың барлығының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Әрине мұның бәрі атқарылған шаруаның бір бөлігі ғана. Салмақты партия нақты іспен,   көмекпен,   жобалармен ядролық электоратпен жүйелі түрде жұмыс атқаруымен ерекшеленеді. Әр партиялық жобаның өз орны бар, өз мақсат-міндеті бар. Бұдан былайда партиялық жобаларды жүзеге асыру жұмысы белсенді жалғаса бермек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img