spot_img
Дүйсенбі, Наурыз 2, 2026
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Достар» мәдениет сарайында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Бүгінде қалада мәдениет саласында 78 маман жұмыс істейді. Бұл клуб, кітапхана мекемелерінің қызметкерлері,мәдени-бұқаралық, ағартушылық жұмыстарды ұйымдастырумен  айналысатын, адамдардың өмірін қуанышты, әдемі және рухани бай ететін шығармашылық ұжымдардың көркемдік жетекшілері.

 

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Уразбаева әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, халықты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени-тарихи мұраны сақтау және насихаттау жолындағы жемісті еңбектері үшін алғыс білдірді.

Бұл күні мамандардың үлкен тобына облыстық басқарма мен қалалық мәдениет бөлімінің алғыс хаттары табысталды.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Ақмола салалық кәсіподағының төрағасы М.М. Қойшин мәдениет қызметкерлерін құттықтады.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұл референдумның еліміз үшін де, барлық азаматтарымыз үшін де маңызы өте зор – Айбек Дәдебай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямыздың басты авторы екені сөзсіз. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай айтты....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика