spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен оралды.

Аталған байқауға Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран және Қазақстан елдерінен 260 оқушы қатысқан. Онда облыс атынан Бұланды ауданының  Никольское ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары Максим Журавлёв пен Асанәлі Әшімов, Макинск қаласындағы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Анастасия Свидерская өз жобаларын таныстырып, қорғады. Соның ішінде тоғызыншы сынып оқушысы Асанәлі Әшімов «Ядролық реактор моделі» жобасы бойынша дайындаған жұмысын ұсыныпты.

–Қазақстан үшін бұл тақырып атом-электро стансасын салу жоспарына байланысты өте өзекті. Асанәлі ядролық реактордың моделін жасағанда дозиметрді қолдану принципіне мән беріп отыр. Ол бұл жобаны барлық жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін көрнекі оқыту моделі ретінде ұсынды, – дейді команданың жетекшісі, мектептің физика және информатика мұғалімі Артем Цимбал.

Оқушының моделі – нағыз ядролық реактордың эмуляторы. Ол реакторды 1:24 масштабында жасап модельдеген және 3D принтерде басып шығарған. Бұрғылау өзегі органикалық шыныдан жасалған. Реактордан бөлек, модельде 3D принтердің көмегімен құрастырылған,  жұмыс істеп тұрған турбина мен генератордың, тұрақты қозғалтқыштардың имитациясы бар. Сонымен қатар, модельде радиация мен сәулеленудің рұқсат етілген дозасын бақылайтын дозиметр пайдаланылған. Реакторды 2 Arduino UNO тақтасы басқарып тұрады, олар реактор мен сорғының жұмысын бақылайды. Егер реактор жұмыс істемей қалса, модельде оны шұғыл өшіруге арналған ескерту жүйесі тәрізді «қоңырау» түймешесі орнатылған. Асанәлі бұл жобаны халықаралық байқаудың «Жаңа теориялық әзірлемелер» секциясында қорғап, нәтижесінде 3 дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталған.

–Жобаның жетекшісі Артем Цимбал жас та талантты, бастамашыл педагог, аталмыш мектептің физика және информатика пәнінің мұғалімі. Ол балалардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын оятып келеді. Өзі де үнемі ізденіс үстінде жүріп, білімін толықтырып, оқушыларын зерттеу процестеріне тартады. Бұдан кейін балалар өздерін нағыз өнертапқыштар сияқты сезініп, қызыға бастайды. Артем Сергеевичтің оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі жоба байқауларында көптеген жүлделі орындардан көрініп жүр, –деп өз ойымен бөлісті аудандық білім бөлімінің мамандары.

Айта кетейік, Асанәлі бұған дейін былтыр осындай командалық жобаға қатысып, 3 дәрежелі медальмен және дипломмен марапатталған болатын.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img