spot_img
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
-9.8 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов соғыс ардагері Арсентий Щудлякты Жеңіс күнімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Арсентий Щудлякты құттықтады.

«Біз сізге соғыстағы раіктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Сіз бейбіт уақытта жанқиярлықпен жұмыс істедіңіз. Ең бастысы, дені сау болыңыз, сіздің ерліктеріңіз біз үшін үлгі болсын»,- деді өңір басшысы.

«Президентке қамқорлығы, зейіні үшін көп рахмет. Біздің жерімізде бейбітшілік болсын», – деп атап өтті ардагер.

1925 жылы Арсентий Андреевич отбасымен Қазақстанға көшіп келді. 1943 жылы ол 127-ші атқыштар полкіне шақырылды.
Ол Жапониямен соғысқа, Андун қаласын азат етуге қатысты, 1946 жылдың наурызынан 1948 жылдың сәуіріне дейін 268 автомобиль батальонында қызмет етті.

Демобилизациядан кейін Щучинск қаласының теміржол әскерилендірілген күзетінде жұмыс істеді. Үш бала тәрбиелеп өсірді, бес немересі мен 9 шөбересі бар.

Ерлігі үшін 2 дәрежелі Отан соғысы орденімен, «За Победу над Германией», «За Победу над Японией» медальдарымен, Жуков медалімен марапатталған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа қызмет ашылды

Облыста алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ерте қолдау қызметі кабинеті өз жұмысын бастады. Бұл қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика