Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.
Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойып отырған басты міндеті әрі талабы екендігін атап көрсетті.
************************************
Көкшетау қаласының іргесінде Краснояр деген ауыл бар. Кезінде Көкшетау ауданының орталығы болған-ды. Болғанда да дәулетті бір ауданның орталығы еді. Тоқсаныншы жылдары аудан орталығы Красноярды қойып, Көкшетау облысының өзі тарап кеткен кезден бері Краснояр ауылы Көкшетау қаласының құрамына қаратылған болатын,
Несін жасырамыз, Краснояр ауылы талай бір қиындықтарды бастан өткерді.Соған қарамастан осы ауыл тұрғындарды өз елді мекендерін тастап кетпеді. Красноярға маңайдағы ауылдардың адамдары көшіп келе бастаған-ды, «Нұрлы-көш» бағдарламасы бойынша жаңа бір үйлер салынып, қандастарымыз қоныстанды.
Биылғы жылдың 2 мамыр күні облыс әкімі Марат Ахметжанов осы Краснояр ауылында болып, әлеуметтік жағдаймен танысты, ауыл адамдарымен жүздесіп, пікірлесті.
Красноярлықтар өңір басшысын тосқан болатын. Ақмола облысында болған су тасқынының беті қайтқан сәтті пайдаланып, Марат Ахметжанов осы ауылға атбасын бұрған сәттен Краноярдағы «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек орталығын» күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Бұл орталық Краснояр ауылындағы ересектер мен балаларға бастапқы-медициналық-санитарлық, емдеу-диагностикалық көмек көрсетумен айналысады.Және де осы орталықтың құрамына «Гранитный» ауылындағы бір дәрігерлік амбулатория және Нұрлы көш кентіндегі фельдшерлік-акушерлік пункт қарайды.
Орталық бір ауысымда 200 адам қабылдауға арналған. Және де 20 керуеттік жалпы бейінді күндізгі стационар да жұмыс істейді. Қазір осы маңызды нысанның инженерлік жүйелерін ауыстыру, әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан бойынша денсаулық сақтау жүйесін реформалау күн тәртібінен түспеген мәселе екендігін атап көрсетіп, «халықтың жайлы тұрмысы үшін барлық жағдайлар жасалады» деді.
Осы Краснояр ауылында жаңадан салынып жатқан дене шынықтыру сауықтыру кешені, қосымша модульдік қазандық және Нұрлы көш шағын ауданында 280 балаға арналған бақша құрылыстарымен танысқан облыс бвсшысы Марат Ахметжанов нысандардың құрылысы уағында аяқталып және сапалы болуын қатаң тапсырды. Қарқын және сапа ұдайы бақылауда болатындығын ескертті.
Халықтың жайлы тұрмысы үшін барлық жағдайлар жасалады!
Солай боларына сенеміз!