spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

ҮШҚАРСУ АУЫЛЫНА ДИЗЕЛЬ МОТОРЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды:

Есіл өзені тасып, іргесіндегі Үшқарасуға барар жолды бұзып, жол бойындағы электр бағаналары да құлап, ауыл жолсыз және электр жарығынсыз қалған болатын.
Биылғы жылдың 16 сәуір күні Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ осы Үшқарасу ауылына қайықпен барып, халықпен кездесіп, тез арада электр жарығын қалпына келтіру үшін Алматыдан екі бірдей дизель моторлары сатып алынғандығын, олар жолда әкеліне жатқандығын айтып, сол дизельдер келсімен ауылды уақытша осы дизель моторлары арқылы электр қуатымен қамтамасыз етілетіндігін айтқан болатын.
Қазір сол дизель моторлары орнатылып, Үшқарасу ауылының электр жарығы қалпына келтірілді.
Ал қар суы қайтқаннан кейін негізгі электр желілері де, автожол да тез арада қалпына келтірілетін болады.
Ауылдың жағдайы күн сайын әкімнің бақылауында!
Ауыл халқы көктемгі қарекеттерімен алаңсыз айналысып жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img