Департамент 2024 жылдың I тоқсанында 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.
Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында Департамент 24 көрсетілетін қызмет алушының құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады.
Мысалы, ақпараттық жүйелер мониторингінің қорытындысы бойынша Департаменттің ден қою актілерінің негізінде Шортанды ауданының жергілікті атқарушы органы бұрын формальды себептермен мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған 7 азаматқа бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін берді.
Фермер шаруашылығының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына шағымы негізінде Департаменттің шешімі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға 14 миллион теңге сомасында субсидия төленді.
Сондай-ақ Департаменттің араласуынан кейін Мемлекеттік корпорацияның Ақмола облысы бойынша филиалы 3 азаматқа автокөлік құралдары мен жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркелді, 4 өтініш берушіге жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттары дайындалды, Көкшетау қаласының, Целиноград ауданының әкімдіктері 6 азаматқа бағбандық, жеке қосалқы шаруашылық, 1 заңды тұлғаға-бизнесті кеңейту үшін жер учаскелері берілді.
Бұдан басқа, бақылау қызметі шеңберінде Департамент лауазымды адамдарға рұқсат беру тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 465-бабы бойынша жалпы сомасы 996840 теңге 18 айыппұл салды, көрсетілетін қызмет берушілердің 13 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын сақтау мәселелері Департаменттің тұрақты бақылауында.