spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Достық үйі сахнасында «Бұрымды қыз» байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі — жалы, қыздың көркі — шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп, керемет суреттеген.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Достық үйі сахнасында Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті. Аталған шараға облысымыздың қала мен аудандарынан 12 аруымыз қатысты. Әділ қазылар алқасы «Мен қазақтың қызымын»  өзін таныстыру, шаш үлгісін көрсету және шаш күтімі, қазақтың салт-дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап беру және жеке өнер көрсету кезеңдері бойынша қатысушыларды бағалады.

Байқауға қатысушылардың әрқайсысы қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы терең білімдерін мен шығармашылық таланттарын көрсете білді. Тәрбиелік маңызы зор, халқымыздың салт-дәстүрлерін жастардың бойына сіңіруге ықпал ететін сайыс қорытындылары бойынша жүлдегерлер лайықты марапатталды. «Қолаң шаш» номинациясы бойынша Зеренді ауданынан келген Қойбазарова Нұргүл, «Жібектей шаш», «Сұлу шаш» номинацияларында – Степногорск қаласынан келген Серікбай Қаншайым мен Зұлпиқар Жазира марапатталды. «Бұрымды қыз» облыстық байқауның Гран-при жүлдесін Қосшы қаласынан келген Файзулла Саяжан жеңіп алды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img