spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Бұландының күнбағыс майы өтімді

Сондай-ақ...оқыңыз

 «Бота-2015» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен ашылған Макинск қаласындағы күнбағыс майын өндіретін зауыт тәулігіне 600 тонна шикізат өңдейді.

2019 жылы құрылысы басталған күнбағыс майын өндіру зауыты 2022 жылы іске қосылған болатын. Жоба құны 4 миллиард теңгеден асады. Күнбағыс, зығыр, рапс майын өндіретін өндіріс ошағы ішкі нарықтың сұранысын өтеп қана қоймай, төрт бірдей мемлекетке өз өнімдерін экспорттауда. Бүгінде зауытта 80 адам жұмыспен қамтылған.  Елімізде осындай өндіріс ошағы Алматы қаласында ғана бар деседі.

–Өндіріс орнында тәулігіне 600 тонна шикізат өңдейміз. 80 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырмыз. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 250-260 мың теңгені құрайды, – дейді осы серіктестік директорының орынбасары Олег Кудрявцев.

Зауыт қазіргі заманға сай қондырғылармен жабдықталғандықтан, жұмысшылардың жұмысы жеңілдетіліп, толық автоматтандырылған. Май өңдеу желісі компьютер арқылы бақыланып, реттеліп отырады. Осы зауыт ашылғалы осында жұмыс істеп келе жатқан оператор Мейіржан Өтешов.

–Мен сұйық май өндірушінің қызметін атқарамын. Бұл зауытта ашылғаннан бері еңбек етемін. Өндіріс процестерінің бәрі автоматтандырылған, ақау болған жағдайда әр нәрсе компьютерде көрініп тұрады. Сол арқылы біздер басқа операторларға хабарлаймыз. Содан олар тексеріп, жағдайды ретке келтіреді, –дейді.

Зауыттағы екі цехтың бірінде шикізат өңделсе, екіншісінде май өндіріледі. Жұмыс екі ауысыммен жүргізіледі. Зауыт өнімді тасымалдайтын теміржол вагондарынан бастап, түрлі техникалық  көліктермен қамтамасыз етілген. Өсімдік майын өңдеу барысында шикізат қалдықтары  малға жемазық ретінде қолданылады. Тіпті, оны отын ретінде де пайдалануға болатын көрінеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img