spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола ассамблеясы этномәдени орталықтары қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады 

Сондай-ақ...оқыңыз

8-Наурыз халықаралық әйелдер күні көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Достық үйінде «Шуақ шашқан мереке» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ермек Нұғыман, әйелдер қауымының қоғамдағы орнына тоқтала келе, әйел – асыл ана, адал жар, әр отбасының алтын діңгегі екенін айтып, көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр сыйлайтын мерекемен құттықтап, домбыраға әнін қосып шырқады. Одан кейін әр нәзік жандыға көктем мен мерекенің символы – қызғалдақтар сыйланды. Ақмола облысының славян, орыс және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы Геннадий Осиненко да құттықтау сөзін арнады.

Концерттік бағдарламада татулығы жарасқан Ақмола ассамблеясы этномәдени орталықтары өнерпаздары әр тілде әсем әндерін орындап, мың бұралған бишілер өз өнерлерін ортаға салды. Залға лық толған көрермендер де өз қошеметтерін білдіріп, әр орындаушыны жылы қарсы алып отырды.

Әдемі кеш аяқталған соң жүздеріне жылулық ұялаған әйелдер қауымы қуанышты көңілмен тарқасты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img