spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Облыс әкімі өңір тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды бірыңғай қабылдау орталығында өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша  қабылдады.

Кездесу барысында ақмолалықтар тұрғын үй жайы, жер учаскелерін беру, абаттандыру турасындағы мәселелерді көтерді.

Көкшетау қаласының тұрғыны Әйгерім Станбекова пәтерді жекешелендіру мәселесімен жүгінді.

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсаның айтуынша өтініш білдірушінің әжесі қайтыс болғаннан кейін немересі Әйгерім Станбековамен жалдау шарты қайта жасалды. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларының» 23-тармағына сәйкес: тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйдің құнын он жылға дейінгі мерзімге бөліп төлей алады. Тұрғын үйдің құнын бөліп-бөліп төлеу кестесі, шарттары мен мерзімдері тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта көзделеді. Бұл ретте, тұрғын үйді жекешелендіретін азаматтар тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартта белгіленген тұрғын үй құнының кемінде отыз пайызы мөлшерінде бастапқы жарна енгізетініне түсіндірді.

Одан әрі Көкшетау қаласындағы скверді абаттандыруға қатысты мәселе бойынша қала тұрғыны Виталий Медведев өтініш білдірді.

Өңір басшысы қала әкімі Бауыржан Ғайсаға бұл мәселені бақылауға алып, көмек көрсетуді тапсырды.

Өз кезегінде Марат Ахметжанов тұрғындардың проблемаларын тыңдап, әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндіріліп, мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Проблемалық мәселелерді шешу барысы оның жеке бақылауына алынды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img