spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
-14.1 C
Kokshetau

Степногорск ауруханасына жаңа ангиограф сатып алынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағзаның барлық қан тамырларын көрсетіп, олардың 3D реконструкциясын жасай алатын бұл медициналық құралдың құны 500 миллион теңгеден асады.

Бас дәрігердің орынбасары Одилхан Шеримовтің айтуынша, Германияда өндірілген заманауи ангиограф жүрек және қан тамырлары ауруларын анықтауға, диагностикалауға және уақтылы емдеуге, стент қоюға, инфаркт кезінде операция жасауға, инсульттің алдын алуға мүмкіндік береді. Медициналық көмекті тек Степногорск қаласының тұрғындары ғана емес, сонымен қатар қалаға жақын орналасқан барлық аудандардың тұрғындары да ала алады. Операциялар жоспарлы түрде де, шұғыл түрде де жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 6 ақпанында жасалған үш ота сәтті орындалыпты. Ауруханада күніне 5-тен 15-ке дейін хирургиялық араласу жоспарланыпты.

Azurion3m15 ангиографиялық жүйесі ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы аясында сатып алынған және науқастар үшін сәулеленудің төмен дозасымен, сондай-ақ суреттердің жоғары сапасымен ерекшеленеді. Енді Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының дәрігерлері аппараттың көмегімен жүрекке, бүйрекке, өкпеге, миға операцияның қаншалықты қажет екенін анықтай алады.

Атап айтқанда, аймақта бұл төртінші ангиограф. Медициналық аппарат Атбасар ауданының көпсалалы ауруханасында және бес жылдан бері Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы көпсалалы облыстық ауруханасында сәтті пайдаланылып келеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті

Ел Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде туризм және спорт салалары бойынша 2025 жылды қорытындылады. Сонымен қатар спорт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика