spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында кикбоксингтен турнир өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Красный Яр ауылында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғандарына  35 жыл толуына орайкикбоксингтен облыстық іріктеу мен қалалық турнирлердің ресми ашылуы өтті.

Жарысқа әртүрлі жас топтарындағы 180 спортшы қатысуда. Ең жас қатысушы 6 жаста.

Кикбоксинг спорт түрі ретінде әлі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбегенімен, қазақстандық жастар арасында өте танымал.

– Ақмола облысында 500-ден астам бала кикбоксингпен айналысады, оның 400-і Көкшетау қаласында. Бүгінде Щучинск пен Зеренді қалаларында біздің филиалдар жұмыс істейді. Біздің кикбоксшылар республикалық жарыстарда  жетістіктерге жетуде. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының бес чемпионы бар. Қазіргі облыстық турнирдің жеңімпаздары Қостанай қаласына барады, – дейді облыстық кикбоксинг федерациясының президенті Александр Герасимов.

Спортшыларды құттықтауға ауған жауынгерлерінің қоғамдық ұйымдарының, қалалық қорғаныс істері басқармасының, ауыл әкімдігінің басшылары келді. Олар барлық қатысушыларға жеңіске деген ерік-жігерлері мен шеберліктерін шыңдап, республикалық жарыстарда жоғары жетістікке жетулеріне тілектерін білдірді.

Бүгін жарысқа ең жас қатысушылар қатысты.  Турнир үш күнге созылып, 15 ақпанда аяқталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img