Өткен жыл партия жұмысы пәрменді болды деуге болады. Партияның жаңа жобалары бастау алып, сайлауалды бағдарламаның орындалуы да өз легімен жүзеге асырылып келеді. Жалпы, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының отыз тоғыз мыңмүшесі бар. Өткен 2023 жылы партия қатары 1500 адаммен толықты.
Партия жұмысының негізгі көрсеткіші сайлауалды уәделердің орындалуы болса, өткен жылы сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша Жол картасының 117 іс-шарасының 98 (89%) орындалды. Сонымен қатар, 2024 жылға жоспарланған бірқатар нысандар мерзімінен ерте аяқталды. Мысалы, Шубар және Жалтыркөл ауылындарында мектептер салынып, пайдалануға берілсе,Целиноград ауданында полиция бекеті салынды, облыс бойынша жаңа 8 кешенді – блок модуль орнатылды.
«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміз бойынша сайлауалды уәделердің орындалу барысын жүйелі бақылап отыру мақсатында партиялық бекет ашу жұмыстарыбасталған болатын. Партиялық бақылау бекетінің басты мақсаты – құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын, сондай-ақ жалақының уақытылы берілуін бақылау, мониторинг жұмыстарын жүргізіп отыру. Облыста 62 партиялық бақылау бекеті ашылып, жұмыс істеп тұр. Әрі «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде нысан енгізілгені туралы тақтайшалар орнатылды.
ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы кезінде өңірімізге республикалық сайлауалды штаб мүшелері келіп, халықпен кездескен болатын. Сайлаушылардың талап-тілектерін орындау бойынша 7 хаттамалық тапсырмасының 6-ы орындалды, біреуі орындалу үстінде. (ТЭЦ құрылысы, соңғы ақпарат бойынша Ресей мен Қазақстанның энергетика министрлері арасында Меморандумға қол қойылды)
Орындалған уәделер бойынша айта ктеер болсақ, ол өңірлерге тартылатын жас мамандар үшін үстеме жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды, Көкшетау қаласындағы №25 автобус бағыты (Элеватор-Сарыарқа-Бурабай) іске қосылды. Көкшетау қ. Сарыарқа мөлтекауданында автомобиль жолдары жөнделуде, Зеренді ауданына қарасты М.Ғабдуллин ауылында жайылым алаңы 1876 га кеңейтілді, Ғабдуллин ауылында интернет жұмысын жақсарту мақсатында байланыс операторларының жұмысына тексерулер жүргізіліп, ұсыныстар енгізілді. Зеренді адуаны Серафимовка мен Мәлік Ғабдуллин ауылының су құбыры желілерін күрделі жөндеу бойынша қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілді, жақын арада су құбырына күрделі жөндеу жүргізу туралы қорытынды дайындалады және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс өткізіледі.
Партиямыздың тағы бір ірі жобаларының бірі ол «Жер аманаты» партиялық жобасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланбай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуге тапсырма бергені белгілі. Президенттің қоғамдық тірегі ретінде партия бұл мәселені шешуге атсалысуға кірісіп кетті. Ақмола облысы бойынша «Жер аманаты» комиссиясы мемлекеттік органдардың көмегімен мемлекеттік қорға 204,4 мың гектар жердіқайтарды.
Ауыл халқының тұрмысын көтеруге арналған тағы бір игілікті жобаның бірі «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Ақмола облысы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1 миллиард 200 миллион теңгеге 200 кредит берілді. Бағдарламаға қатысқан ауыл тұрғындары жылқы, ірі қара мал, ұсақ қара мал сатып алумен қатар дәнекерлеу, жөндеу жұмыстарымен де айналысып, массаж кабинетін ашқандар да бар.
Өткен жылдың желтоқсан айында Ақмола облысындағы «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші форумы өткіздік. Форум жұмысына облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов қатысып, өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, Партияның жол картасын іске асыру барысы туралы баяндады. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасарларының қатысуымен секциялар өтіп, мәлихат депутаттарымен ашық диалог өтті.
2023 жылы ауыл, кент және ауылдық округтер әкімдерінің 58 сайлауы өтіп, барлығында «AMANAT» партиясының мүшелері жеңіске жетті. Партияның облыстық және қалалық, аудандық филиалдары жанындағы Кеңестермен 308 отырыс өткізілді, 634 мәселе қаралды, 1631 ұсыныс берілді. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестердің көшпелі отырыстарын өткізу практикасы енгізілді.
2023 жылы партиялық жобалар аясында 2000-ға жуық іс-шара өткізілді.
Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 4 мыңнан астам өтініш қаралып, оның 60 пайызы оң шешімін тапты.
Қабылдауға халық негізгі 5 мәселе бойынша келеді, олар: 37%-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және елді мекендердің инфрақұрылым мәселелері, 18%-әлеуметтік көмекке мұқтаждық, 13%-жұмыссыздық, 9% -тұрғын үй және жер телімі, 8%-халықты құжаттандыру мәселелері.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлер, адвокаттар, медиаторлар 158 қабылдау өткізіп, 367 азаматқа заң аясында кеңес берілді.
Бұл өткен жылы партияластармен бірге атқарған жұмысымыздың бір парасы. Биылғы жыл да ауқымды жобалармен басталып кетті. Алдағы уақытта партия филиалының жұмысысайлаушылардың мәселесін шешуге, сайлауалды бағдарламаны орындауға, партия беделін арттыруға, алға қойылған міндеттерді шешуге бағытталатын болады.
Берген Беспалинов
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы