spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Қайрат Баймульдинов ақмолалықтармен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Достық үйінде ашық диалог форматында ҚР Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов Ақмола ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті.

Кездесу басында Қайрат Дүйсембайұлы Хатшылықтың алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы, атап айтқанда, жастарды Ассамблея қатарына тарту жөніндегі жұмысты күшейту, ақпараттық жұмыс, этномәдени бірлестіктерді қаржыландыру мәселелерін шешу және Ассамблеяның жұмысымен өңірлік деңгейде танысу мақсаты туралы айтты.

Пікір алмасуға белсенді қатысқан ЭМБ және құрылымдардың басшылары балабақшалар мен білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді үйрену , әлеуметтік желілердегі жұмыс туралы, бірлескен іс-шаралар өткізу, жастардың кәсіби бағдарлануы, «мектеп Ассамблеясы» қозғалысын жандандыру туралы ұсыныстар айтты.

Сындарлы және іскерлік атмосферада өткен кездесу барысында барлық қатысушылар Ассамблеяның жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау және нығайту жөніндегі қызметін сапалы жақсарту және қайта форматтау бойынша өз ұстанымдарын білдіре алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img