spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Әйелін ұрған Сандықтау ауданының тұрғыны 15 тәулікке қамауға алынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, құқық бұзушылардың отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілігі күшейтілді.

ӘҚБтК-нің 73, 73-1, 73-2, 461, 669-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаның мерзімі ұлғайтылды.

Сандықтау аудандық соты жұбайының денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін «П.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады (ӘҚБтК 73-1-бабының 1-1-бөлігі).

Азамат «П.» мас күйінде, жұбайымен жанжал кезінде оның бетіне және басына жұдырықпен ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірді.

Сот қаулысымен «П.»-ға, оның мінез-құлқына 3 айға ерекше талаптар белгіленіп, 15 тәулікке қамаққа алу тағайындалды.

Сот, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, осындай құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтарды қатыстырып, жария сот отырысын өткізді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img