spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 2 балабақша ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл облыстың білім беру жүйесінде облыс әкімі мен оқу-ағарту министрі қол қойған «Өңірдің білім беру жүйесін дамыту жөніндегі жол картасын» іске асыру жалғасады, –деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Сонымен бірге, өңірде оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Баршаға қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық баяндамасы шеңберінде білім беру сапасын едәуір арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылмақшы.  

Балабақшалардың жұмысынан бастап таратып айтсақ, мектепке дейінгі білім беру шеңберіндегі іс-шаралар «Балабақша – жайлылық және даму аумағы» бағыты бойынша жүзеге асырылады. Бұл бағытта балалардың мектепке дейінгі білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі ұйым педагогының мәртебесін арттыру және балабақшаларда балаларды тәрбиелеу тәсілдерін өзгерту міндеттерін шешу жоспарлануда. Сондай-ақ, мұнда ата-аналардың балабақша қызметіне тартылуын күшейту мен балабақшалардың жұмысын бағалау жүйесін өзгерту мәселелері де қарастырылады.

Тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі мекемелерде кемінде 1,5 мың орын ашылады, бейінді колледждерде балабақшаларға кадрлар даярлау бағытында мемлекеттік тапсырыс пен облыс әкімдігінің гранттары ұлғайтылады.

Облыс орталығының «Көктем» және «Сарыарқа» шағын аудандарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 2 балабақша ашу жоспарлануда.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептің жұмысын сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылатын болады, бұл ретте әрбір баланың дамуының жеке траекториясын құруға ерекше назар аударылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img