spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында 46 этномәдени бірлестік тіркелген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылы өз қызметін мәдени-ағартушылық және танымдық жобаларды, Ақмола ҚХА-ның қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасау және ақпараттық жұмысты жүзеге асыру мақсатында жобалық кеңсе ретінде 13 жобаны іске асырды.

ӨҢІРЛІК ЖОБАЛАРДЫ жоспарлау барысында біз қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша облыстың этномәдени бірлестіктері мен этностарының қызметін жандандыру міндетін қойғанымызды атап өту маңызды. Осылайша, мәдениетті дамытуға, дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған «ЕЛ БІРЛІГІ» және «ДОСТЫҚ  ДӘМІ» жобалары жүзеге асырылды.

Бірегей «ДОСТЫҚ ДӘМІ» жобасы аясында  10 шақты сапар жасалды, 2000-нан астам адам қамтылды. Фестивальдің қорытындысы бойынша этникалық топтардың (корей, неміс, татар, белорус, украин, поляк) өкілдері, оның ішінде мордва, әзірбайжан, шешен және армян этностары сияқты шағын этникалық топтардың өкілдері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

      «ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ», «БІРЛІГІМІЗ ӘРАЛУАНДЫҚТА»   жобалары аясында  4000 – нан астам адамды қамтитын 80-нен астам кездесу өткізілді.

      Достық үйінде этнос өкілдері арасында қазақ тілінде сөйлеуді дамытатын «Мәміле» пікірталас клубы  және Қазақстан этнос өкілдері мен Достық Үйі базасында мемлекеттік тілді үйренушілерге курстар ашылды.

Облыста 46 этномәдени бірлестік тіркелген, оның 19-ы қоғамдық аккредиттеуден өтіп, ҚХА ЭМБ тізіліміне кірді.

Достық үйінің ғимаратында 17 ЭМБ кабинеті орналасқан.

 Ағымдағы кезеңде облыстың этномәдени бірлестіктері 5500-ден астам адамды қамти отырып, 190-ға жуық іс-шара өткізді.

 ҚХАА қоғамдық құрылымдарымен тығыз қарым-қатынас жасайды, атап айтсақ: Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Ғылыми-сараптамалық топ, Журналистер клубы, Ақмола облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі. Жалпы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында аталған құрылымдар 42 мың адамды қамтыған 1 050 іс-шара өткізген.

 Есепті кезеңде этномәдени бірлестіктермен, ҚХАА қоғамдық құрылымдарының өкілдерімен, еріктілер орталығымен 3 943 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді, 22 350 адам қамтылды. Жалпы сомасы 159 471 823 мың теңгеге 2 643 қайырымдылық іс-шара өткізілді.

 Жол карталарын орындау шеңберінде шалғай ауылдардың тұрғындары мен этностар жинақы тұратын аудандардың тұрғындары арасында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша белсенді ақпараттық жұмыс жүргізілді. Мәселен, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің сарапшылары 6 елді мекендерге барып жұмыс жүргізді.  Этностар жинақы тұратын Атбасар, Аршалы, Бурабай, Бұланды, Біржан сал, Сандықтау, Шортанды және Степногорск қалалары сияқты аудандарға барды.

 Өткен жылғы жұмысымыздың басты бағыты этноәлеуметтік топтарды біртұтас азаматтық ұлтқа интеграциялау, бірлік пен келісім саясаты мәселелері бойынша ағарту жұмысын жандандыру болды.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Ермек Нұғыман

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img