spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Мен – донормын» қайырымдылық акциясы жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің барлық қалаларында «Мен – донормын» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Бұл науқан Ақмола облысының орталығында да ұйымдастырылып,  оған белсенді жастар мен еріктілер барынша атсалысуда.

–Мұндай маңызды акцияны біз жыл сайын ұйымдастырамыз. Оған жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар қауымы, қаланың ерікті азаматтары қатысады. Мен тұрақты донор ретінде өзімнің қатарластарымның, жастардың салауатты өмір салтын ұстануларына алаңдаймын. Олардың жақсылыққа ұмтылып, позитивті көзқараста болуларын, айналасына мейірім төгіп, қайырымдылық іске барынша араласқандарын қалаймын. Бүгін акцияға 40-қа жуық ерікті қатысты. Алдағы уақытта донорлар қатары көбейеді деген ойдамын. Өз еріктерімен келіп, қан тапсырып жатқандар төленетін қаражатты қайырымдылыққа жұмсауда, – дейді жастар ресурстық орталығының жанындағы еріктілерді қолдау фронт-кеңсесінің маманы Дидар Хамзин.

Облыстық қан орталығына келушілер тіркеуден өтіп, тиісті сауалнаманы толтырады, одан соң терапевт дәрігердің қабылдауына кіріп, денсаулық жағдайын тексерткеннен кейін донация залына өтеді. Еске сала кетейік, егер донордың денсаулығында тұмау, суық тию белгілері болса, ол адам қан тапсыра алмайды.

–2022 жылдан бері мен әр үш ай сайын қан тапсырып келемін. Бүгін біздің тізім бойынша кем дегенде 20 шақты жас келуі тиіс. Қан тапсыру адамның денсаулығына пайдалы, –дейді «Ауыл жастары» жастар қанатының төрағасы Нариман Мендібаев.

Қан орталығының лаборанты Светлана Лошкареваның айтуынша, зертханада қан тапсырушының гемоглабині әп-сәтте анықталса, қан тобы, резус-фактор, антиген-дене секілді қажетті сынамалар мен зерттеулер 2-3 минут ішінде дайын болады екен.   

Облыстық қан орталығы қан компоненттерін қаланың, қажет болған жағдайда облыс аумағындағы барлық медициналық  ұйымдарға береді, –дейді ақпараттық-насихат жұмыстары, донорлыққа жоспарлы түрде даярлау және гемопоэтикалық бағаналы жасуша рекрутингі жөніндегі дәрігер Айнұр Манапова.

Оның мәлімдеуінше, жасы 18-ден асқан, әрі салмағы 50 келіден кем емес әрі медициналық тексеріс нәтижелері дұрыс кез келген адам донор бола алады. Егер донор болсаңыз, қан тапсырар алдында міндетті түрде диета сақтау қажет. Қан тапсырардың алдында донорлардың бір күн бұрынғы кешкі асы жеңіл болуы тиіс және де тапсыратын күні таңертең суға піскен ботқа, май қосылмаған макарон,  сондай-ақ, нан, қатқан нан (сухарики), көкөніс пен жеміс (бананнан басқа) жеуге, тәтті шай, шырын, морс, компот ішуге болады. Ескеретін жағдай, қан тапсыратыныңызды білсеңіз, оған дейін 48 сағат ішінде алкогольді ішімдік ішуге, 2 сағат бұрын темекі шегуге тыйым салынады. Сонымен бірге, құрамында аспирин, анальгетиктері бар дәрі-дәрмектерді ішуге рұқсат етілмейді.

–Медициналық манипуляциялар барысында бір реттік медициналық бұйымдар қолданылады, сондықтан қан тапсыру қауіпсіз. Ер адамдар жылына 6 рет, әйелдер қауымы 4 рет қан тапсыра алады. Сондықтан, облыс орталығының барша тұрғындарын адамдардың өмірін сақтап қалу жолындағы қайырымдылық іске шақырамын, –деді Айнұр Манапова.  

–Мен төрт жылдан бері ерікті ретінде қан тапсырамын. Бұл бір жағынан қайырымды шара болса, бір жағынан өзімнің денсаулығыма пайдалы. Қан тапсырғаным үшін төлейтін ақшаны, қайырымдылыққа қалдырамын, –дейді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ерден Нұрахмет.

Айта кетер болсақ, қанды алғаш рет тапсыратын болсаңыз, барлық қан талдаулары дұрыс болған жағдайда 2-3 күннен соң 0,25 АЕК көлемінде – 923 теңге, екінші ретте 1 АЕК -3692 теңге төленеді.

«Мен –донормын» акциясы бір ай бойы өтеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img