spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
7.9 C
Kokshetau

Ақмолалық жолдардың сапасы жіті назарда

Сондай-ақ...оқыңыз

Қыс мезгілінде автомобиль жолдарын күтіп ұстау сапасына бақылау жұмысын ұлттық жол активтері сапасы орталығы облыстық филиалының мамандары күшейтеді. Қыстың алғашқы күндерінен-ақ олар автожолдардың әртүрлі учаскелерін бірнеше рет тексеріп шықты. Жол инженерлері республикалық маңызы бар автожолдардың сапасы мен жай-күйін бақылады.
Қыстың алғашқы айларынан облыс аумағында ұзаққа созылған боран, қалың қар, қатты жел мен көктайғақ болды. Осындай қолайсыз ауа райына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың әртүрлі учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Автожолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы ғана қыс мезгіліне 263 бірлік қар жинайтын техника, 25 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал, 700 тонна химиялық реагент және 600 тонна техникалық тұз дайындады.
Жол жұмысьардың сапалы орындалуын жол активтері сапасының Ұлттық Орталығының облыстық филиалы қатаң қадағалайды. Филиал инженерлері жыл басынан бері жоспарға сәйкес республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың барлық учаскелеріне үнемі инспекциялық сапарлар жасады.
«Қарлы учаскелер ерекше назар аударуды талап етеді, онда жұмыстар уақтылы жүргізілуі тиіс. Егер тексеру барысында бұзушылықтар анықталса, белгілі бір мерзімде мердігер ұйымдарға жіберетін актілер мен нұсқамалар жасалады. Егер олар жойылмаса, онда біз әкімшілік сипаттағы шараларды қабылдау үшін облыстық полиция департаментіне нұсқамалар жібереміз», – деді филиал инженері Жанат Саликов.
Жолшылардың жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі-ауа райы жағдайлары туралы халықты уақтылы хабардар ету және автокөлік жүргізушілеріне ұсыныстар беру. Бұл тұста да филиал да белсенді жұмыс жүргізуде. Филиал инженері Жанат Саликов асфальтбетон жабынының бұзылуына және деформациялануына жол бермеу үшін қыс мезгілінде автожолдарды күтіп ұстау бойынша барлық нормативтік және техникалық талаптарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Жалпы, мамандар қыс мезгілінде автомобиль жолдарының сапасын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізуді жалғастыра бермек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img