spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі «Метито» араб компаниясының өкілдерімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Метито» араб компаниясының өкілдерімен кездесіп, Көкшетау кәріздік тазарту құрылыстарын салу мәселелерін талқылады.

Аймақ басшысы компания өкілдеріне келгендері үшін алғыс айта отырып, инвестициялық жобаның өзектілігін атап өтті.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында облыста кезең-кезеңімен жаңа құрылыстар мен қолданыстағы құрылымдарды реконструкциялау жүргізілу жоспарлануда. Бірінші кезеңде бұл жұмыс облыс орталығы – Көкшетау қаласына қатысты болады», – деді М. Ахметжанов.

Өз кезегінде «Метито» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Адиба М.Амин ағынды суларды тазарту қондырғысының құрылысы елімізде алғаш рет жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Бұл келісім форматы біз үшін бірінші және пилоттық болып табылады. Құрылыс кезінде заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеміз. Бүгінгі таңда негізгі міндет – өндірістік қажеттіліктерге жарамды тазартылған су түрінде түпкілікті нәтижеге қол жеткізу», – деді компания өкілі.

Сондай-ақ кездесуде қатысушылар ұйымдастыру-техникалық мәселелерді талқылады.

Сапар барысында кездесуге қатысушылар Көкшетау қаласының кәріздік тазарту құрылыстарына барды.

Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img