spot_img
Жексенбі, Сәуір 6, 2025
18.2 C
Kokshetau

Ақмолада 277 адам жылыту пункттеріне орналастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазір қыс қаһарына мініп, сақылдаған сары аяз бен боран жолға шыққан жолаушыларды қыспаққа алуда.

–Қыс мезгілінің басынан бастап Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінің бірлескен күшімен қар құрсауынан 270-тен астам адамды эвакуациялап, құтқарды, –дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты межелі пункттеріне жете алмаған азаматтарды уақытша орналастыру үшін 268 жылыту пункті дайындалып, 3 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істеп тұр. Олармен тұрақты түрде байланыс жүргізілуде. Жылыту пункттеріне барлығы – 277 адам, оның ішінде – 29 бала орналастырылды.

–Халықты қысқы кезеңдегі ТЖ кезінде қауіпсіздік ережелеріне оқытуға көп көңіл бөлінеді. Интерактивті оқыту әдісі практикаға енгізілді, оның аясында оқушылар қыстың қолайсыз ауа-райында өздерін қалай ұстау қажеттігі туралы ережелерді үйренеді. Департаменттің азаматтық қорғау саласындағы оқыту курстарында жергілікті атқарушы органдардың, мекемелер мен ұйымдардың өкілдері оқиды. Оқушылар мен балықшыларға қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы әңгімелер өткізіледі, – деді Ақмола облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын-алу басқармасының бастығы Олег Малюк.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img