spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 20, 2026
-21.8 C
Kokshetau

Елорда прокуратурасы инвестор мәселесін шешті

Сондай-ақ...оқыңыз
Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдауды жалғастыруда.
Прокуратураның басым бағыттарының бірі инвесторлардың мәселелерін тиімді шешу және олардың құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.
Осы жұмыс аясында елорда прокуратурасы кәсіпкерлер палатасының алаңында 350 жұмыс орны құрылумен құны 6 млрд теңге болатын сауда орталығын салу жобасын жүзеге асырып жатқан инвестормен кездесу өткізді.
Энергия беруші компания инвесторға ұзақ уақыт бойы электр желілеріне қосылудың техникалық шарттарын бермегендігі анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі тұлғаларға нақты ұсыныстар бере отырып, кәсіпкердің түйткілді мәселесін шешу бойынша ұсыныстар әзірленді.
Нәтижесінде прокуратураның үйлестіруімен мәселе шешіліп, инвестор қажетті құжатты алды.
Инвестициялық жобаны қолдау жалғасуда және прокуратура басшылығының бақылауында.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында елорда прокуратурасында кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны: 8-747-216-15-58).
 
Астана қаласының прокуратурасы
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент неке институтын «ер мен әйелдің ерікті, ресми одағы» деп заңмен бекітуді ұсынды

Әр азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім күшпен таңа алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика