spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
4.7 C
Kokshetau

Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында үш ақмолалық өнер көрсетеді

Сондай-ақ...оқыңыз
Алдағы жылдың басты спорттық оқиғаларының бірі 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындары болмақ. Айта кетейік, жарыс Азия құрлығында алғаш рет өткізілмек.
Еліміз үшін бұл ойындар 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл спорттық шараға төртінші рет қатысу болмақ.
70 елден 1800 спортшы биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру, скандинавиялық комбинация, шаңғы жарысы, шаңғымен секіру, скелетон, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шорт-трек сияқты спорт түрлеріне қатысады.
Ақмола облысының үш өкілі Қазақстан құрамасының қатарында биатлоннан жарысқа қатысады – Мария Воробьева (жаттықтырушы – С.А. Морозов), Кирилл Зотов (К.И. Рыбинцев) және шаңғы жарысынан – Әубәкір Тотанов (Т.В. Сергеева).
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімінің басшысы Анастасия Шкробот айтқандай, барлық спортшылар №2 облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерві балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері.
«4 қаңтардан 14 қаңтарға дейін спортшылар оқу-жаттығу жиындарында, 2024 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасымен бірге IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына Алматыдан аттанады деп жоспарлануда. Ақмолалықтар 26 қаңтарда қайтады», – деді А.Шкробот.2117:21

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика