spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ел мүддесіне адалдық

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің аға басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатында өткен жылы қолға алынған бастамалардың нәтижелерін қорытындылап, бірқатар саяси жағдайларға баға берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатында қоғамды толғандыратын біраз өзекті мәселелерге өзінің ашық пікірін білдірді. Өткен жылы атқарылған бірқатар игілікті істер, оның ішінде «Жайлы мектеп», «Ұлттық Қор балаларға» бағдарламаларына шолу жасап, алдағы уақыттың жоспарларымен бөлісті.

Менің ойландырған мәселе – қоғамды толғандыратын, осыдан екі жыл бұрын орын алған оқиға болса да әркімнің ойында түрлі сұрақтар туғызатын Қаңтар оқиғасына қатысты ойын ашық жеткізгені. Ол өз сөзінде: «Қаскөйлердің мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған жоспарын жүзеге асыру үшін экстремистер, қылмыстық топтар және әсіре діншілдер бірге қимылдады. Олардың мақсаты ел ішіне үрей туғызу, мемлекеттік институттардың қызметін тұралату, конституциялық құрылымның іргесін шайқау, ақыр соңында билікті басып алу еді. Сол кездегі ахуал өте күрделі болды, еліміз құрдымға кетуге шақ қалды. Бұған жол бермеу үшін барлық іс-әрекетті күндіз-түні және сағат сайын тікелей өзім бақылап отырдым. Ішкі істер министрлігі арқылы Ақорда резиденциясына түрлі шабуыл жасалғалы жатыр, соған жүк көліктері пайдаланылады деген ақпарат жетті. Маған бас сауғалап, резиденциядан кету, тіпті шетел асу туралы ұсыныс бірнеше рет айтылды. Бірақ мен бұған үзілді-кесілді қарсы болдым. Теледидар арқылы жасаған мәлімдемелерімнің бірінде қандай жағдай болса да жұмыс орнымда қалатынымды ашық айттым. Екі апта бойы тапжылмай, Ақордада болдым, күн-түн демей, шұғыл жиналыстар өткіздім. Сол аласапыран күндерде мемлекетімізді сақтап қалу, елдегі заң мен тәртіп үстемдігін қалпына келтіру ең басты міндет еді»,–дейді. Бұдан Мемлекет басшысының халық сеніп тапсырған міндетіне, қызметіне аса жауапкершілікпен қарайтындығына, батылдығына, сарабдал саясаткерлігіне көз жеткізуге болады.

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбат алушының Президенттік билікті қолына алған 2019 жылдан бергі билік жүйесіне қатысты қойған сұрағына тура, әрі нақты жауап берді. Қосарланған билікті орнатуға талпынғандардың әрекеті осы Қаңтар оқиғасының орын алуының алғышарттарының бірі болғанын, бұл саяси қитұрқылық еліміздің тас-талқанын шығара жаздағанын ашық жеткізді. Тіпті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта билікті қолына алуы турасында қойылған сауалға байланысты «Кеттің бе – қайырылма» деген ұстанымды ұстанатынын жеткізді. Себебі, ол Қазақстан Республикасының Президенті ретінде келешекте ел тізгінін ұстайтын әрбір азаматтың Ата Заңнан аспай, бір рет сайлануын ғана қолдайтын және заңға осы орайда ешқашан өзгертілместей өзгеріс енгізуге бастама көтерген басшы. Бірқатар тарихи, ішкі-сыртқы саясат төңірегіндегі өзекті мәселелерге салиқалы сын-пікірлерін білдіре отырып, болашаққа деген зор үмітпен алға ауқымды міндеттер де қойды.

Ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына тоқталған Президент, әр өңірдің дамуына, әр саланың өркендеуіне ерекше назар аударды. Өнеркәсіп саласының дамуына, инвестициялар тарту, бизнесті қолдау, алған несиелерін өтей алмай жүргендердің жағдайы, қымбатшылық, ішкі-сыртқы саясатты дамыту, кадр мәселелеріне қатысты көзқарастары халық ойынан шығады деген ойдамын. Жаңа жылдағы келелі сұхбат елді толғандырған сан сауалдың сырын ашып, тігісін жатқызған тәрізді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа бастамаларына сәттілік, халқымызға береке-бірлік, татулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

Талғат ДЖАПАРОВ,
Бурабай аудандық
мәслихатының депутаты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img