spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
10.2 C
Kokshetau

Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекеновпен, Талғат Жүнісовпен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Мысырәлімовамен кездесті

Жиын барысында өңір басшысы депутаттарға атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдірді, өткен жылдың қорытындыларымен және даму перспективаларымен таныстырды.

«Өздеріңіз білесіздер, Ақмола облысының экономикалық әлеуеті жеткілікті және одан әрі әлеуметтік-экономикалық өсуге барлық мүмкіндіктер бар. Облыс бірегей географиялық жерде орналасқан. 2024 жылы облысымыз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру жалғасады. КТҚ және СТҚ, сондай-ақ Көкшетаудағы жылу электр орталығы жобаларын іске асыру мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған агломерацияны дамытудың жаңа кешенді жоспарының жобасы әзірленді», – деді М.Ахметжанов.

Айта кетсек, Ақмола облысына жұмыс сапары аясында депутаттар бірқатар аудандардағы елді мекендерді аралап, тұрғындарды алаңдатып отырған өзекті мәселелермен, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін аралап көреді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика