spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Министр депутаттармен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық партия филиалының алаңында Ақмола облысының мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі А.С.Қуантыровпен кездесуі ашық диалог форматында өтті.
Отырыс барысында ҚР Үкіметі деңгейінде қарауды қажет ететін өңірлік мәселелер, оның ішінде Зеренді ауданындағы электр желілерін жаңарту, Ауғанстан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қолдау, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын күрделі жөндеу, туристік салықтарды көбейту, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын субсидиялау, бірыңғай ауыл шаруашылығы салығын енгізу және тағы да басқа мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Мәселен, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Ауғалиев Зеренді ауданында әбден тозығы жеткен электр желілерін толық жаңарту керектігін айтса, облыстық мәслихат депутаты Ыбырай Дуанбай ауған соғысы ардагерлерінің әлеуметтік жағдайын көтеру, атап айтқанда тегін медициналық көмек көрсету, жәрдемақы көлемін ұлғайту сынды мәселені көтерді. Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Дастан Әкімов Красный яр тас жолын төртжолақты трасса түрінде қайта салуға қаражат бөлу мәселесін айтса, қалалық мәслихат депутаты Гүлайым Есенова көпқабатты тұрғынүйлердің аулаларын күрделі жөндеуге қаражаттың толық бөлінбеу себебін сұрады.
Сонымен қатар, бірқатар мердігерлердің жауапсыздығы салдарынан Сайлауалды бағдарламаның Жол картасындағы бірнеше тармақ орындалмай қалған. Осыған байланысты депутаттар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға ұсыныстар енгізуді ұсынды.
Аудандық мәслихат депутаттары да бейнеконференц байланысы арқылы Министрге сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img