spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Жағдай біртіндеп түзеледі – Әлихан Смайылов коммуналдық саладағы проблемалардың шешімі туралы айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында өңірлерде жылу, энергия және сумен жабдықтау саласында жинақталған проблемаларды шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты. ​​​​​​​Үкімет басшысы бұған дейін инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбегенін атап өтті.​​​​«Көптеген жыл бойы тарифтер жасанды түрде тежелді, яғни көтерілмеді. Жылу, энергия, сумен қамтамасыз ету және су бұру желілерін жаңғыртуға және күрделі жөндеуге қаражат салынған жоқ. Инфрақұрылым әбден тозған, тіпті кей жерлерде жағдай өте қиын болды. Сондықтан биыл инфрақұрылымды жаңарту және жөндеу бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық», — деді Әлихан Смайылов. ​​​​​​​​​​Атап айтқанда, мемлекет осы желілердің барлығын жаңғыртуға және күрделі жөндеуге шамамен 300 млрд теңге жұмсады. ЖЭО-дың меншік иелері де тиісті жұмыс жүргізіп, энергия көздерін жөндеуге
19 млрд теңге салды.

«Мұндай жұмысты бір жылдың ішінде жасау мүмкін емес. Жұмыс тұрақты негізде жүруі керек. Ол үшін біз арнайы “Тарифті инвестицияға айырбастау” бағдарламасын қабылдадық. Тозуды нормативтік деңгейге дейін төмендету үшін бұл жұмыстардың барлығы ең кемі 5-6 жыл бойы жүруі керек. Жағдай біртіндеп түзеледі», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-Министрі #Инфрақұрылымдық даму #Президенттің тапсырмасы #Сұқбат

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img